RU

Естен кетпес түннен кейін ақмолалық ер адам санын соғып қалды

Ақмола облысында жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтерген ер адам қолындағы бар ақшасынан айырылып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы patrul.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, 43 жастағы ер адам екі қызбен көшеде танысып, оларды өз пәтеріне шақырған. Қыздармен көңіл көтерген пәтер иесі ұйықтап кеткенде, нәзік жандылар оның қалтасындағы бар ақшаны қолды қылады.

Өзінің тоналғанын тек таңертең білген азамат бірден полицияға жүгінді.

"Полицейлер 25 және 33 жастағы екі әйелді құрықтады. Олар ер адамға ұрланған ақшаның тек жартысын қайтара алды. Себебі қалған жартысын олар өз қажетіне жұмсап үлгерген", - дейді Ақмола облысының бапасөз қызметінде.

"Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті (фото)

ШҚО-да кәсіпкер әйел туған ауылындағы мектеп кабинетін толығымен жабдықтап берді (фото)

Ұзатылған қызымен жылап қоштасқан Абай Бегей жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Амангелді Айталы: Дінге сатқындық жасаған жігіттер ұлтқа да сатқындық жасайды

Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы байлығына бірнеше ел таласып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659637-estpen-ketpes-tunnen-keyin-aqmolalyq.html