RU

Шахтинскіде 12 жастағы бала анасының көз алдында қаза болды

Шахтинск қаласында 12 жастағы бала жаттығу үстінде анасының көз алдында қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға күндізгі сағат 16:00 шамасында орын алған. Үй ішіндегі турникті арқанды швед тосқауылында гимнастика жасап жатқан. Осы сәтте ұзын арқан мойнына байқаусызда оратылып қалып, бала оны шеше алмай қалған, дейді Шахтинск қалалық білім бөлімінің басшысы Николай Онсович.

Оның айтуынша, бұл кезде баланың анасы үйде болған. Бала бұған дейін де бірнеше рет бұл жаттығуларды жасаған, бұл спорт түрімен бұрыннан шұғылданып келген екен. Алайда соңғы жасаған жаттығуы осылайша оның өлімімен аяқталған.

Бала мойнына оратылған арқаннан босағысы келіп, секірген. Алайда анасы баласын құтқарып үлгере алмаған. Бәрі аяқ астынан болғандықтан, бала тұншығып қалған.

Анасының шақыруы бойынша келіп жеткен жедел жәрдем көмегі баланың қайтыс болу фактісін тіркеген.

Баланың денесін ертең жер қойнына тапсырады.

Айта кету керек, ол жанұядағы жалғыз перзент болатын.

"Ол өте қайырымды, алғыр оқушы еді. Өз жасына сай, көңілді бала болатын. Спортпен айналысатын. Біз оның қайтыс болғанына әлі де сене алмай отырмыз», - дейді №6 жалпы білім беретін мектеп директоры Ирина Дмитриевна.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстан Бішкекте наразылыққа шыққан қырғыз азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

"Жеңгетайлық" жасаған рудныйлық экс-депутатқа сот үкімі шықты

Атышулы Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр

Желаяқ футболшы 60 метрді 6 секундта жүгіріп жұртты таңғалдырды

Жапонияда екі дана құрма бес мың АҚШ долларына сатылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659647-shakhtinskide-12-zhasar-bala-anasynynh-koz.html