RU

Атағы жер жарған актердің өзіне ұқсамайтын сұлу қыздары туралы не білеміз?

Әлемге танымал актер Сильвестр Сталлоне бүгінде үш бірдей хас сұлу қыздың әкесі атанып отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.day.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сильвестер өз қыздарын мақтан тұтып, олармен бірге түскен фотоларын Instagram желісіне жиі жариялап тұрады.

Ол қыздарымен түскен бір фотосына "Үш раушан гүлі мен бір арам шөп" деген жазба қалдырады.

Сталлоненің үлкен қызы - 19 жастағы София. София жүрек ауруына шалдыққандықтан, БАҚ көздерінде жиі көріне бермейді. Дегенмен мінезі жағынан әкесінен айнымай қалған ару Сильвестердің сүйікті қыздарының біріне айналған.

17 жастағы Систин - Сталлоненің ортаншы қызы. Анасының жолын қуып, модель атанған. Vogue журналы оны сән әлемінде бой көтерген жарық жұлдыз деп атады.

Сталлоненің кіші қызы - 13 жастағы Скарлет. Скарлет сән әлемінен гөрі спортқа жақын.

Дженнифер Флавин - Сильвестр Сталлоненің үшінші әйелі. Ол күйеуінен 22 жас кіші. Олар тойға дейін тоғыз жыл бойы кездесіп жүрген. Бүгінде үш қыз тәрбиелеп отыр.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті (фото)

ШҚО-да кәсіпкер әйел туған ауылындағы мектеп кабинетін толығымен жабдықтап берді (фото)

Ұзатылған қызымен жылап қоштасқан Абай Бегей жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Амангелді Айталы: Дінге сатқындық жасаған жігіттер ұлтқа да сатқындық жасайды

Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы байлығына бірнеше ел таласып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659724-ataghy-zher-zharghan-akterdinh-ozine-uqsam.html