RU

Астаналық бойжеткен үш бірдей отбасылы жігітті қалай алдағанын айтып берді

25 жастағы Астана тұрғыны қалай үш бірдей азаматтың көңілдесі атанғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Алманың айтуынша, (аты өзгертілген - ред. ескертпесі), ер адамдар бүгінде өте сараң болып кеткен.

"Өзім сән саласында жұмыс істеймін. Тапқаным тек жалдамалы пәтерге, тамаққа және жолыма жетеді. Қыздармен бірігіп пәтер жалдап тұрамын. Ата-анамнан ерте айырылғанмын. Тұрмысқа мүлде шыққым келмейді. Бәлкім өз жан жарымды әлі жолықтырмаған болармын?

Бұған дейін бір ер адаммен тұрдым. Ол мені толық қажеттімен қамтамасыз етіп отырды. Маған пәтер сатып алып бермек болғанында, бұл туралы оның әйелі біліп қойды. Ақыры екеуіміз айырылысып тындық.

Кейін мен өзге отбасылы азаматтармен кездесе бастадым. Ер адамдар кедейленіп кеткендей, дағдарысты сылтаурататын болған. Тіпті мейрамханалардың арзанын таңдайды. Дегенмен қасында хас сұлудың болғанын қалайды. Ал бұл сұлулыққа қол жеткізу үшін аз қаражат кетпейді. Оны ер адамдар түсініп жатпайды", - деп мұңын шақты Алма.

Бойжеткеннің айтуынша, сұлулық салоны мен киім-кешектің өзіне айына кемінде 250 мың теңге кетеді. Ол сонымен қатар жаңа IPhone алуды армандап жүр екен.

"Ақыры бастапқыда екі, кейін үш жігіттің көңілдесі атандым. Бірі пәтерақымды төледі, екіншісі киіндірді, үшіншісі көлік сатып алып берді", - дейді Алма.

Үшеуін де жақсы көретін ару оларға бұл жайлы айтпай, алдап жүргенін де жасырмады.

"Үшеуімен бір уақытта кездесіп қалмас үшін түрлі сылтаулар табатынмын. Алайда жеті ай өткесін, өтірік айтудан жалығып, бәрін жайып салдым. Үшеуіне де бар шындықты айтып, бірдей хабарлама жіберген болатынмын. Біздің қоғам бірнеше жігіті бар әйелді сабырмен қабылдай алмайды екен. Үшеуі де мені бұл жайттан кейін тастап кетті", - деп ойын түйді бойжеткен.

Алия Абсеметтің материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1659798-astana-turghyny-qalay-birneshe-otbasyl.html