RU

Баласын хиджабсыз мектепке жібермейтіндер ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Мектепте хиджаб киюге салынған тыйымды қаперіне ілмей, баласын мектепке жібермейтіндер енді ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Хиджабқа қатысты даудан әбден басы қатқан шенеуніктер заңға бағынбайтындарға қарсы әрекет етуге көшпек.

Осы жылдың өзінде-ақ бір ғана Ақтөбеде он ата-ана мен 20 мектеп директоры Дін істері басқармасына шағым түсірген. Олардың бірі хиджабқа тыйым салу конституциялық құқықты аяқ асты ету деп санаса, енді бірі Білім министрлігінің бұйрығы орындалмай жатқанына шағымдануда.

Бұйрықты орындамағандарға әкімшілік жаза қарастырылған - 10 АЕК көлемінде айыппұл (20 мың теңгеден астам). Екінші рет заңға бағынбағандар екі есе айыппұл төлейді. Ал үшінші рет тәртіп бұзғандар "Неке және отбасы" заңына сәйкес баласын арнайы мектепке беруі тиіс. Ал ең қатал жаза - ата-ана құқығынан айыру.

"Егер ата-анасы баласын мектепке жібермей жатса, бұл шараға да жүгіне аламыз. Ата-ана құқығынан айыру шарасына жүгіну мүмкіндігі бар", - дейді Ақтөбе облысы дін істері бойынша басқарма басшысы Жолдас Қалмағанбетов.

Мұғалімдер хиджаб киетін оқушылардың дені өзге оқушылармен араласпай, мінезі тұйықталып кететінін айтуда. Ал хиджабты "кимешек" деп атайтын кей ата-аналар қазақ салтында кимешекті тек балалы әйелдер киіп келгенін түсіне бермейтін көрінеді.

Тағы оқыңыздар: 

Құмар ойын ойнап бәрінен айырылған қазақ жігіті өкініштен жылап жіберді

Атағы жер жарған актердің өзіне ұқсамай қалған хас сұлу қыздары туралы не білеміз?

Естен кетпес түннен кейін ақмолалық ер адам санын соғып қалды

Келіншек екі бала туып берсе де ұсыныс жасамаған күйеуінің басынан алмамен бір-ақ ұрды

Сүйіктісін қызғанған ер адам оны өлтіріп, ауласына көміп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1660118-qazaqstanda-balasyn-khidzhabsyz-mekte.html