RU

Ол жақта жер көп: Атамбаев елін сүймейтін қырғыздарға Қазақстанға көшуді ұсынды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елшілердің сенім грамоталарын тапсыру салтанатында патриоттық сезімі жоқ адамдарды басқа елге кетуге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Instagram желісіндегі Kygyznews бағдарламасында белгілі болды.

Қырғыз басшысының айтуынша, соңғы кездері орын алған жағдайлар өз Отанын ақшаға және гранттарға бола сатуға дайын адамдар бар екенін көрсеткен.

Дегенмен де, Манас батыр айтып кеткендей тәуелсіздік үшін өз өмірін қиюға дайын отансүйгіштер Қырғызстанда бар екен.  

"Тәуелсіздік ұғымын жай ғана сөз ретінде қабылдайтындарға көбірек ақша табуға ыңғайлы елге көшіп кетуге кеңес берер едім. Бауырлас қазақ елімен азаматтық алуды жеңілдету туралы келісім бар. Біз сіздерді Қазақстанға қуана жібереміз, ол жақта жер көп. Сіздерді де құшақ жая қарсы қарсы алады", — деді Атамбаев.

Тағы оқыңыздар: 

ОҚО-да тауға демалуға кеткен тұрғынның өлі денесі табылды

Шахтинскіде 12 жастағы бала анасының көз алдында қаза болды

Баян Есентаева омырауы ашық көйлегімен ел алдына шықты (видео)

Атағы жер жарған актердің өзіне ұқсамайтын сұлу қыздары туралы не білеміз?

Құдайдың құдыреті: Алты метрлік құбырға түсіп кеткен екі жасар сәби аман қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1660135-ol-zhaqta-zher-kop-atambaev-elin-suymeyt.html