RU

Еңбекқор қызметкер тым көп жұмыс істеп қойғаны үшін жұмыстан қуылған

Испанияда тым көп жұмыс істей берген еңбекқор азамат жұмыссыз қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы realist.online сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам супермаркетке 2005 жылы жұмысқа тұрып, басқарушы қызметіне дейін өседі. Ол күн сайын елден бұрын таңғы бесте жұмысқа келіп, елден соңғы болып жұмыстан қайтуды әдетке айналдырған. Өз әріптестерінен де осындай құлшынысты күткен азамат көпшілікке жақпай қалады.

Ағымдағы жылдың сәуірінде жұмыс істеуде шектен шыққан ер адам басшылықтың шыдамын тауысыпты. Ол күнде таң атпай дүкенді ашып, ондағы тауарларды келушілерге әзірлей бастайды. Тауарға тапсырыс беріп, дүкенді жуып-тазалайды.

Ер адам басшылықтан жасырын 49 сағаттан бастап 87 сағатқа дейінгі уақытын жұмыс істеумен өткізген.

"Ол бұл әрекетімен "әр жұмыс уақыты ескеріліп, төленуі тиіс деген" еңбек нормасын бұзды", - делінген жұмыстан шығару туралы бұйрықта.

Одан бөлек қауіпсіздік үшін дүкенде қызметкердің жалғыз болуына тыйым салынған екен. Дегенмен қызметкер бұл шешіммен келіспей, басшылықты сотқа бермек.

Ол басшылық тым көп талаптар қойғандықтан, оларды орындау үшін артық жұмыс істеуге мәжбүр болғанын алға тартуда.

Тағы оқыңыздар: 

Құмар ойын ойнап бәрінен айырылған қазақ жігіті өкініштен жылап жіберді

Атағы жер жарған актердің өзіне ұқсамай қалған хас сұлу қыздары туралы не білеміз?

Естен кетпес түннен кейін ақмолалық ер адам санын соғып қалды

Келіншек екі бала туып берсе де ұсыныс жасамаған күйеуінің басынан алмамен бір-ақ ұрды

Сүйіктісін қызғанған ер адам оны өлтіріп, ауласына көміп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1660171-enhbekqor-qyzmetkerdi-tym-kop-zhumys.html