RU

Танымал отандық жұлдыздар тұрмысқа шықпас бұрын "қызойнақты" қалай өткізеді?

Қызойнақ - қалыңдықтың той алдында құрбыларымен өткізетін көңілді кеші. Бұл дәстүр елімізге шетелден енгеніне қарамастан, отандық жұлдыздар мұндай кешті өткізуде таң қаларлық жетістіктерге жетіп үлгерген. Бұл туралы NUR.KZ порталы comode.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, елді аузына қаратқан ең шулы және есте қаларлық қызойнақтарды назарларыңызға ұсынамыз.

Аша Матай

Тележүргізуші әрі актриса Аша Матайдың үнді стиліндегі қызойнағын елімізде талқыламаған жан кемде-кем. Аша қызойнаққа үнділік сари киіп келуді ұйғарып, тіпті құрбылары да үнді ұлттық киімін киген.

Кешке келген қонақтар арасында Мақпал Исабекова, Рано Умарова, Әсел Сәдуақасова, Айдай Исаева сынды отандық жұлдыздар болды.

Айнур Ілиясова

Актриса Айнұр Ілиясова болса қызойнаққа уақыт таппай сабылып жүрген болатын. Алайда құрбылары бұл мәселені шешіп, кешті өткізуді толық өз мойындарына алды.

Олар түрлі фильм кейіпкерлерінің киімін киіп, кешке Айнұрды шақырған. Айнұр үшін бұл күтпеген сыйлық болды.

Раушан Ермағамбетова

Ал "Қазақ Аруы - 2012" байқауының финалисі Раушан болса қызойнаққа фата киіп, кешті әдемі киіммен өткізуді ұйғарған.

Балнұр Қуатова-Жамбулатова

Қайрат Нұртастың клипіне түскен Балнұрдың қызойнағына құрбылары қызыл киіммен келген.

Тағы оқыңыздар: 

Алматы тұрғыны адам өлтіріп, кейін мәйіт үстіне ұйықтап қалған

ОҚО-да тауға демалуға кеткен тұрғынның денесі бес күннен соң табылды

Еңбекқор қызметкер тым көп жұмыс істеп қойғаны үшін жұмыстан қуылған

Ұлына шайтанның атын қоймақ болған ерлі-зайыптылар жұртты дүр сілкінтті

Баласын хиджабсыз мектепке жібермейтіндер ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1660241-tanymal-otandyq-zhuldyzdar-turmysqa-sh.html