RU

Оңтүстікте өздігінен кезекке тұрып, сүт беретін "ақылды" сиырлар елді таңғалдырды (видео)

Оңтүстікте "живой очердьке" тұратын ақылды сиырлар бар. Жануарлар ешкімнің айдауынсыз кезек-кезегімен "DeLaval" аппаратына жақындап, технологияның көмегімен автоматты түрде сүт сауғызады. Сондықтан, фермада жұмысшылар ірі қараның қасында жүрмейді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жұмыстың басым бөлігін сиыр мен автоматты аппарат атқарады.

"Ақылды сиырларды көру үшін Оңтүстікте журналистерге прес тур ұйымдастырылған. Тілшілер қызық көріп жақындай қалғаны сол еді, компьютер бортында лезде сүт грамы азайып көрсетілді. Түсіне қойып, кері шегіндік. Сүтті аппарат сауып алды. 

Ол орнынан шыққанда, келесі сиыр маңғазданып, кезегін күтіп кіре қалды. Артында "живой" очередь тұр", - деп таңданды бұл жаңалықпен өзінің парақшасында бөліскен Жанна Төлендиева.

ОҚО-дағы фермалардың бірінде бұл білімді сиырлардың құлағына чип қойылған. Осы чип арқылы әр күн сайын төрт тұяқтының қанша жем жеді, аш па, тоқ па бəрін-бәрін біліп отырады.

Ферма жұмысшылары ірі қараны қолдан ұрықтандырады екен. Қай күні буаз болғанын, қай күні туатынын чип арқылы біледі. Ең қызығы бір туғанда фермадағы сиырлардың бəрі жаппай туады.

Тағы оқыңыздар: 

Алматы тұрғыны адам өлтіріп, кейін мәйіт үстіне ұйықтап қалған

ОҚО-да тауға демалуға кеткен тұрғынның денесі бес күннен соң табылды

Еңбекқор қызметкер тым көп жұмыс істеп қойғаны үшін жұмыстан қуылған

Ұлына шайтанның атын қоймақ болған ерлі-зайыптылар жұртты дүр сілкінтті

Баласын хиджабсыз мектепке жібермейтіндер ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1660424-onhtustikte-ozdiginen-kezekke-turyp-s.html