RU

Авиация саласындағы дау-дамай: Біліксіз ұшқыштар ұшақ басқарып жүр

Қазақстанда тексеруден өтпеген ұшақтарды ұшуға рұқсаты жоқ ұшқыштар басқарып жүр. Еліміздегі азаматтық авиацияның ахуалы осындай. Бұл  арнайы жиын өткізген Бас прокуратура өкілдерінің берген бағасы  деп хабарлайды 31 арна.

Жолаушылар тасымалдап жүрген ірілі-ұсақты әуе көліктерінің дені ескі екенін қайталаудан ары аса алмайтын құқық қорғаушылар бүгін аз да болса тың мәлімдемелер жасады. Қолданыстағы 280 әуе көлігінің техникалық дайындығы туралы ақпарат жоқ екен.

Прокурорлар ұшақтардың бірінен соң бірі құлап жатқанына кейбір апатты жайттарды тасымалдаушылардың бүркемелеуі себеп деп отыр. Оның үстіне, ұшқыштардың біліктілігі де мәз емес көрінеді.

"2 мыңнан астам ұшқыштың 1300-де ғана ұшуға рұқсат бар екендігін анықтадық. Яғни, елдегі ұшқыштардың жартысына жуығы заңсыз ұшып жүр деп пайымдаймыз. Азаматтық авиация мамандарын даярлайтын елдегі жалғыз академия түлектері қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмай отыр", - дейді Бас прокурор  орынбасары Андрей Лукин.

Тағы оқыңыздар: 

Алматы тұрғыны адам өлтіріп, кейін мәйіт үстіне ұйықтап қалған

ОҚО-да тауға демалуға кеткен тұрғынның денесі бес күннен соң табылды

Еңбекқор қызметкер тым көп жұмыс істеп қойғаны үшін жұмыстан қуылған

Ұлына шайтанның атын қоймақ болған ерлі-зайыптылар жұртты дүр сілкінтті

Баласын хиджабсыз мектепке жібермейтіндер ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1660566-elimizdegi-ushaqtardy-ushugha-ruqsaty-zh.html