RU
Үш күннен бері үйіне қонбаған шымкенттіктер әкімнің алдында шу шығарды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Үш күннен бері үйіне қонбаған шымкенттіктер әкімнің алдында шу шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Үш күннен бері туыстарының үйін жағалап, көшіп-қонып жүрген шымкенттіктер әкімдік алдында шу шығарды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласына қарасты Асар мөлтекауданының бір топ тұрғындары "үш күннен бері газсыз отырмыз, пәтерлеріміз автономды жылытылатын болған соң суықта тоңып қалдық" дейді. Салдарынан бала-шағаларымызбен бірге туған-туыстардың үйлерін жағалап, көшіп жүруге мәжбүр болдық деген тұрғындар әкімнен араша сұрап келді.

Қалалық әкімдік алдында шу шығарған халықтың мұңын тыңдаған Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындарға бүгін кешке дейін көгілдір отынды қосып беруге уәде етті. Айтуынша, жаңадан пайдалануға берілген үй тұрғындарының басым көпшілігі газ тасымалдаушы мекемемен келісімшартқа отырмаған соң, олар халыққа газ жеткізіп беруден бас тартқан.

«Көпшілігіңіз тұрмағансыздар, мен білемін ғой. Көпшілігі келісімшартқа тұрмаған соң газға төлемей жатыр. Сіздер төлеп жатқан шығарсыздар, бірақ 80-90 пайызы тұрмаған. «ҚазТрансГаз» мекемесі егер тұрғындар төлемесе, мен не үшін газ беруім керек деп айтты. Газды мен кешке дейін қостырып беремін, бірақ мен сіздерден өтінемін. Сіздер белсенді азаматтарсыздар ғой, халықпен кездесіп, келісімшартқа тұру керектігін айтыңыздар. Себебі олай болмайды. Мәселен, сіз дүкеннен нан сатып алуға барып, менікі деп ақшасын төлемей алып кетпейсіз ғой. Газ да тура сондай тауар», - деген Әбдірахымовтың уәдесін алған қараша халық жарықтың да мардымсыз екенін айтып, шешім беруін өтінді.

Мұнан соң асарлық тұрғындар қоғамдық көлік тапшылығының салдарынан кейде жұмыстан кешігіп, біраз әбдігерге салынатынын жеткізді. Тіпті шаһар басшысын өздері тұратын мөлтекауданға арнайы келіп, мән-жайды көзбен көріп кетуге шақырды.

«Транспорт біз жаққа кешкі сағат алтыдан соң жүрмейді. Жүретін жалғыз көлік, оның өзі "Газель". Екі бүктеліп барамыз, біздің бойларымыз ұзын ғой. Үлкен автобус жүргізіп беріңізші. Жаңалықтан естіп жатырмыз, сіз автобуспен жүре бастапсыз. Әкім неге біз жаққа келмейді деп армандаймыз. Біздің де мөлтекауданға бір келіп кетіңізші», -  деген тұрғындардың өтініші Шымкент басшысын елжіретпей қоймады

«Дәл қазір менің қаланы аралайтын бір-екі нысаным бар. Дүйсенбі әкімдік жиыны өтеді. Ертең барсам қалай? Таңертең сағат он бірде барайын. Оған дейін сіздер бала-шағаларыңызды асықпай тамақтандырып алыңыздар», - деп сөзін түйді Әбдірахымов.

Айтпақшы, халық пен әкімнің бұл кездесуінен соң Асар мөлтекауданына жуық арада жаңа он автобустың қатынайтыны белгілі болды.

Тағы оқыңыздар: 

Астаналық жастар шайтанды қууға арналған Хэллоуинге дайындалып жатыр

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы қарсыласын екінші минутта нокаутқа жіберді

Қайрат Нұртастың әйелі ойнайтын фильм өз шығынын ақтай алмады

Еліміздің оңтүстігінде қайтадан күн жылып кетуі ықтимал

 

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
1
3
38
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel