RU

Бейіт басына зәулім етіп кесене тұрғызуға тыйым салынды

Әзірбайжанда бейіт басына зәулім етіп кесене тұрғызуға тыйым салынды. Бұл туралы Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Мубариз Гурбанлы мәлімдеген деп хабарлайды sn.kz.

«Мамандар бұл жобамен ұзақ жұмыс істеді. Жаңа заң бұған дейін салынған кесенелерге қатысты емес. Бірақ, бұдан былай зәулім мазар салуға заң бойынша тыйым салынады», — деді Гурбанлы. Оның айтуынша, жаңа заңның мақсаты — мола шаруашылығындағы жағдайды реттеу.

Бакудегі Халыққа азаматтық қызмет көрсету трестінің бас инженері Сабыр Гасановтың айтуынша, астана тұрғындары қайтыс болған туыстарына көп жағдайда моланың басындағы қара тасты граниттен салғызады екен. Оның биіктігі әдетте 140-150 сантиметр болады.

«Егер қайтыс болған адам көзі тірісінде танымал болса моланың басына оның өмірінен сыр шертетін белгі қойылады. Мысалы, марқұм көзі тірісінде музыкант болса бейітке қара тастан қашалып жасалған пианино немесе өзге де музыкалық аспаптар қойылады», — дейді ол.

Тағы оқыңыздар: 

Ақмола облысында екі полицей ұсталған адамды азаптап, кінәсін мойындауға күштеген

Бұдан былай бензиннің бағасы литріне 161 теңгеден аспайды

Еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады

Әлемдегі ең бай адамның кім екенін білесіз бе?

Алматылықтар айлық орнына мерзімі өткен азық-түлік алғанын айтып, дабыл қақты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1660833-beyit-basyna-zaulim-etip-kesene-turghy.html