RU

Мақпал Жүнісова марқұм Заманбектен кейін неге тұрмысқа шықпай қалғанын айтты

Мақпал Жүнісова Zhuldyz.tv арнасының "Сенбілік серуен" бағдарламасына берген сұхбатында көптен айтылмаған сырын ақтарып, күйеуінің өлімінен кейін өмірден түйген ойларымен бөлісті. Әншінің айтуынша, анасы оның екінші мәрте тұрмысқа шығуына қарсылық білдіріп, тіпті бұл туралы айтуға тыйым салған.

"Баяғыда Зәкең айтушы еді: "Күн сияқты адамдарға қатты жақындама, қанатыңды күйдіріп аласың",- деп. Өмірімді басқаша қылып өзгерткім келеді. Күйеуге тиейін деп жатқам жоқ, ешкім құда түскен жоқ (күліп) "Мына қыз біреумен жүретін шығар, күйеуге шығып кеткен шығар, неге үндемейді",- деп ойлайды ғой біреулер.  Өзім шешеме тартқанмын, мені де солай шегелеп тастады ғой. Шешем өзі 47 жасында жесір қалған, мен де сол шамалас қалдым ғой. Әкеміз қайтқан кезде кенже қызымыз 4 жаста болатын, содан кейін анам ешкімге көзін сүзбеді, ешкіммен жүрмеді. "Әй, өлген жоқпыз ғой, сексенге келдік", - дейді қазір.

Дәрігерлерге барсам маған: "Сіз ер адаммен тұру керексіз, табиғаттың заңын бұзып жатсыз. Тұрмысқа шығыңыз", -  деп айтады. Дәрігерлердің айтқанын анама жеткізгенмін. Сөйтсем ол кісі: "Басты қатырмасын! Ана Мерейді өсір! Алжыма, сенің шешең өлген жоқ. Сендерді өсіріп сексенге жеттік",- деп шегелеп айтты. Шешем сөйтіп айтқан соң ұялдық. Осыдан кейін тұрмыс құру туралы тақырыпты жауып қойдық, ешкім де маған құда түскен жоқ. Адам баласы болған соң ойлап қоясың. Махаббат туралы кино көрсең, қыз бен жігіт қатар отырып, сүйісіп отырса есіңе түседі. Бірақ өзімді бірден жинап аламын",- дейді әнші.

Әнші бүгінде бар арманы қызын жеткізіп, соның бақытын көру керек екенін айтты. Дегенмен ол рухани әлемі бай, жақсы адамдарға ғашық болудың еш әбестігі жоқ екенін жеткізді.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін депутат қазақ қызымен шаңырақ көтерді

Қазақ күресінен өткен чемпионатта Грузин балуаны бас жүлдені жеңіп, 5 мың долларды алып кетті

Ресейлік актер ЭКСПО кезіндегі адам сенгісіз жайттар туралы айтты (видео)

Қарағандыда құдықтан табылған таксист әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Қасиетті Құран аяттарын жатқа айтатын тотықұс әлемді таңғалдырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1661185-maqpal-zhunisova-anasynynh-zamanbekte.html