RU

13 сағат бойы сән көрсетіліміне қатысқан модель аяқ асты көз жұмды

14 жастағы ресейлік модель Влада Дзюба Қытайдағы сән көрсетілімінен кейін тіл тартпай кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы  Life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқушы қыз келісімшартқа сәйкес Қытайда үш ай бойы танымал дизайнерлердің сән көрсетіліміне қатысуы тиіс болатын. Белгілі болғандай, жасөспірім 25 қазан күні 13 сағаттық сән көрсетілімінен кейін өзін нашар сезінген.

Владаны 39°С температурамен жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізеді. 27 қазан күні ол әбден қажыған күйде менингиттен қаза болды.

Анасы қызының Қытайда жүргенде денсаулығына шағымданғанын есіне алды. Жасөспірім қатты ұйқы қысып жүргенін айтып, анасынан Қытайға келуін өтініпті.

Әйел қызынан шұғыл емханаға қаралуын өтінгенімен, жасөспірім бұл өтінішті орындай алмаған. Себебі, оның медициналық сақтандыруы болмапты.

Келісімшартқа сәйкес, Влада төрт сағаттан артық жұмыс істемеуі керек болатын. Алайда оның жұмыс уақыты әлдеқайда ұзақ болған.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін депутат қазақ қызымен шаңырақ көтерді

Қазақ күресінен өткен чемпионатта Грузин балуаны бас жүлдені жеңіп, 5 мың долларды алып кетті

Ресейлік актер ЭКСПО кезіндегі адам сенгісіз жайттар туралы айтты (видео)

Қарағандыда құдықтан табылған таксист әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Қасиетті Құран аяттарын жатқа айтатын тотықұс әлемді таңғалдырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1661208-14-zhastaghy-qyz-qytaydaghy-13-saghattyq-san-k.html