RU

Қалталы азаматтардың басын қалай "айналдыру" керектігін білесіз бе?

Әйелдерді жаттықтырушы әрі мотивациялық спикер Денис Байгужин нәзік жандыларға миллионердің басын қалай "айналдыруға" болатынын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы mir24.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Денис - жылына екі мыңнан астам әйелдің миллионерге тұрмысқа шығуына көмек көрсеткен маман.

"Мен 2011 жылдан бастап қыздарды миллионерлерге тұрмысқа шығарып келемін. Олардың дені бизнесмендер мен саясаткерлер. Ер адамды өзіңе ғашық етудің өз технологиясы бар. Нәтижесінде ол саған сыйлықтар беріп, көңіл бөлгеніне қуанышты болады", - дейді Денис.

Маман әйелдерге ер азаматтың алдында өзін лайқыты ұстап, қажет рөлді сомдай білуі керектігін айтуда.

"Біздің бәрімізде аздаған жалғандық бар. Егер сен өз рөліңді жақсы ойнай білсең және мұны күнделікті істеп жүрсең, өзің де соның бір бөлшегіне қалай айналғаныңды байқамай қаласың", - деп кеңесімен бөлісті Денис.

Денис қалталы азаматтар қандай әйелдерге ғашық болатынын да анықтаған.

"Ол көрікті, өзін күтімде ұстайтын ару болуы тиіс. Жасы айтарлықтай маңызды емес. 25-тегі бойжеткен де, 35-тегі әйел де қалталы азаматты өзіне ғашық ете алады. Ең бастысы өзің құлшыныс білдіруің керек. Қарым-қатынасты қалайтыныңды көзқарасыңмен байқатуға немесе даяшы арқылы оған сәтті күн тілейтін хат жазуыңа болады. Бұл қарым-қатынастың басталуына септік болады", - дейді Денис.

Тағы оқыңыздар: 

Голливудтың атақты актері өзінің гей екенін мойындады

Шәмшінің хит әнін беріле шырқаған орыс әжейлер желіде жұлдыз болды

Тікелей эфирге хабарласқан көрермен Аша Матайды сынап тастады (видео)

"Nursultan Nazarbayev": Әуе билеттерінде елбасының есімі жазылатын болды

Қостанайда Назарбаев мектебінің оқушысы қымбат көлікпен жол ережесін бұзды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1661285-bilikti-maman-millionerdinh-basyn-qal.html