RU

Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 15 жыл толды

Еліміздегі татулық тұрақтылықтың  алтын арқауына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 15 жыл толды.

Осыдан 15 жыл бұрын іргесі қаланған Ассамблея өркениетті әлемге өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді. Кеше елордадағы Бейбітішілік пен келісім сарайында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы өтті. Осы алқалы жиынға орай "Алаш айнасы" газетінде "Тек мемлекеттік тілде ғана сөйлейтін  және бәрі мені түсінетін күнді армандаймын" деген тақырыппен көлемді мақала басылды.

"Тек мемлекеттік тілде ғана сөйлейтін  және бәрі мені түсінетін күнді армандаймын"

"Мемлекет басшысының келесі бір ұсынысы -Астанада этникалық ауыл құру болды. Елбасы бұл ұсынысқа қатысты ойын былай деп түйіндеді: "Қазақстан халқының этникалық және мәдени алуан түрлілігін және өзіндік ерекшелігін сақтаудың жаңа тәсілдерін іздестіру қажет. Ассамблея хатшылығына, Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына Астана әкімдігімен бірлесіп, Астанада этникалық қалашық құру жөніндегі мәселені пысықтауды және ұсыныс енгізуді тапсырамын", - делінген жарияланымда.

"Қазақстан халқының этникалық және мәдени алуан түрлілігін және өзіндік ерекшелігін сақтаудың жаңа тәсілдерін іздестіру қажет

 "Алаш айнасы" газетінің өркениет бетінде "Қажылық парызды өтеуге дайындығымыз әлсіз" деген тақырыпта мақала басылды.

Жарияланымға еліміздегі қажылыққа дайындық жұмыстарының жолға қойылмағандығы арқау болған. Бүгінде елімізде мұндай іспен айналысатын бір ғана орталық бар екен. Оның өзі қазір уақытша жұмысын тоқтатып тұр. Ал қажылыққа баруға елімізге 4 мың адамға квота бөлінген. Сонда  қажылыққа баратын төрт мың адам қайдан дайындықтан өтеді, оларға қажылықтың мән-мағынасын кім түсіндіріп береді? Мешіт имамдарының оған қолы тие ме?  Ал ауылында тіпті имам, молдалары жоқ азаматтар  қайтеді? Бұл сұрақтардың жауабы  белгісіз.  Басылымның жазуынша, Түркия, Малайзия сынды елдерді қажылыққа баратын адамдар  жаппай дайындықтан өтіп жатыр. Онда дайындықтан өтпеген адамды қасиетті орынға жібермейді. Себебі Меккеге барғанда олар барлық рәсімдер мен міндеттерін білуі шарт.  Мақаланың толық нұсқасын оқығыңыз келсе, басылымның бейсенбілік санын жіберіп алмаңыз.

***

"Айқын" газетінің бейсенбілік нөмірінде "Қазақ елінің қолынан көп іс келетіндігін әлем білді" деген тақырыпен көлемді мақала жарияланды.

Жарияланым өзегіне ел ордасы Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиті арқау болды. "Қазақ елінде ықылым заманнан келе жатқан "үш таған" деген ұғым бар. Еуропалық белді ұйымның тізгінін өз қолына алған қазақтар осыны ЕҚЫҰ-ға қатысты да қолдануға ұйғарған-тын. Ұйым үш өлшемге тең сүйенсе, теңселмейтінін енді еуропалықтар ұқты. Көшбасшылық қазақ еліне тигенше, еуропалық төрағалар негізінен үшінші өлшемге, яғни демократия мен сайлау мәселелеріне шектен тыс көп көңіл бөлді де, қалған екеуі шетқақпай қала беретін. Ал қазақстандық төрағалық ЕҚЫҰ-ның барлық үш "қоржынын" - әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерін теңгерімді толтыру ұстанымын табанды түрде қорғады", деп жазады басылым.

Ал қазақстандық төрағалық ЕҚЫҰ-ның барлық үш "қоржынын" - әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерін теңгерімді толтыру ұстанымын табанды түрде қорғады

 Осы басылымның жазуынша, жиырма бір мың тұрғыны бар Тұзды­бас­тау ауылында жыл басынан бері өздеріне қол жұмсап қайтыс болған төрт факті тіркелсе, олардың екеуі ересектер де, екеуі мектеп оқу­шылары екен. Ата-аналардың айтуынша, ауылда 6-11-інші сынып оқушыларынан қорқытып ақша жинайтын қарақшы топ бар. "Балалардың өліміне солардың қысымы се­беп болуы мүмкін" деген болжамдар бар. Алай­да мектеп оқушыларына қысым жасап, ақша жинауға мәжбүрлеу бойынша бірде-бір факт тіркелмеген. "Тұрғындардың айтуына қарағанда, ауыл­да рэкет жүйесі қалыптасқан. Мектеп оқушы­ларынан қорқытып алынған ақша түрмеге отырып шыққан екі-үш адамның қалтасына түседі. "31 мектеп бір маусымда БМВ көлігін жинап береді" деп айтатын көрінеді әлгілер. Сотталып келгендер оқушылардың арасынан еті тірілерін қастарына алып, қалғандарынан ақша жинауға баулитын көрінеді. Екі оттың ортасында жүрген мұндайлар амалдары тау­сы­лып, өздеріне қол жұмсауға мәжбүр бола­ды. Қайтыс болған баланың әкесі, бұл туралы бүкіл ауыл білетіндігін айтып отыр", - деп жазады басылым.

Оқиғаның байыбына барғыңыз келсе, "Айқын" газетінің бүгінгі санындағы "Тұздыбастаудағы "төтенше жиын". Балаларды өзіне қол салуға кім мәжбүрледі?" деген мақалаға назар аударыңыз.

***

Алдағы жылы Астана мен Алматыда өтетін 7-нші қысқы Азия ойындарының басталуына 100 күн қалды.

2011 жылы қаңтардың 30-ында елорда төріндегі "Астана-Арена" стадионында алауы тұтанатын байрақты бәсекеге алып құрлықтағы ең үздік спортшылардың бәрі қатысатын болып отыр. Өйткені, бұл жарыс - Азияның Олипиадасы. Осынау дүбірлі додаға орай "Астана ақшамы" газетінің бүгінгі санының айқара бетінде "Азиадаға 100 күн қалды" деген тақырыппен көлемді мақала берілді. Жарияланымда байрақты бәсекенің насихатталуы, жарыстар өтетін спорттық нысандар, дайындық мәселелері сынды өзекті жайттар толығымен қамтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/166173-kazakstan-halky-assambleyasyna-biyl-15-zhyl-toldy.html