RU

Аша Матай өзінің сұқбатын 1000 долларға сатпақшы

Отандық өнер жұлдыздары соңғы кезде эксклюзивті сұқбаттарын журналистерге сатуға қарсы еместіктерін ашық білдіріп жүр. НТК арнасының "Ревю ньюс" бағдарламасында олар тіпті сұқбаттарының бағасын да айтты.

"Егер сататын болсақ, мың доллардан кем түспес", - деді Аша.

Ал режиссер, клипмейкер Жеңісхан Момышев камера алдында жүретін БАҚ өкілдерінен ақша сұрап, сұқбатын сатуға мүлдем қарсы.

"Сіздер де, сіздің артыңызда тұрған камера адамы біз сияқты адамдар, творчестволық адамдар. Сондықтан, ол ақша сұрайтындай бизнес емес. Мұны дұрыс емес деп есептеймін. Мен өзім мүлде ақша сұрамаймын",- дейді ол.

Жеңісханмен бірге кино саласының қазанында қайнап жүрген Гүлназ Жоланова эксклюзивті сұхбатының бағасын төбеден алып қоя салмайтынын айтты. Актриса мұндайда нарыққа қарап бой түземек.

"Егер ондай мүмкіндік болып жатса, нарықтағы бағаға қарап болжамды жауап айтармын. Енді екі мың, үш мың доллардың көлемінде болуы мүмкін",- дейді ол.

Ал, мистерионстық Арман Қоңырбаев сұхбатты саудалау үшін ең алдымен өнерің мықты болу керек деген пікірде.

"Ол жағын енді ойлап көрмедім. Әрине мен өзімді биік бағалаймын. Егер де, ондай болып жатса қымбаттың қатарында болатын шығармыз. Енді ол дәрежеге өнер де өсу керек, бәрі өсу керек",- деп ағынан жарылды ол.

Еске салсақ, Қайрат Нұртастың жары эксклюзивті сұхбатын $50000 бағалағанын отандық сайттардың бірі жазған еді. Кейіннен бұл ақпаратты әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова жоққа шығарған.

Тағы оқыңыздар:

Қарағанды облысында бензин бағасы 200 теңгеге жуықтады

Неліктен мұсылмандарға Хэллоуин мерекесін тойлауға болмайды?

"ҚазМұнайГаз" қызметкерлері жаңа жылда сыйақысыз қалатын болды

Атышулы Гүлнар Кәрімова жақын күндері тағы да сотқа тартылмақшы

Алматыда жаппай төбелес бастаған автобус жүргізушісі мен кондуктор ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1662754-otandyq-zhuldyzdardynh-eksklyuzivti-su.html