RU

Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатыр

Биылғы күзде жалпы республика бойынша азық-түлікпен қатар жеміс-жидек пен көкөніс те жаппай қымбаттаған. Energyprom.kz. ақпараттық порталы құны шарықтаған бірқатар өнімдердің тізімін шығарды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Бағаның қымбаттауы негізінен алыпсатарлардың көптігіне байланысты орын алған көрінеді. Мәселен, былтыр орамжапырақтың келісі оңтүстік өңірде 17 теңге болса, ол өзге аймақтарға жеткенше 71 теңгеге жеткен.

Қиярдың бағасы соңғы бірер айда 26,7 пайызға қымбаттап шыға келді. Қыркүйекте оның келісі 293 теңгеге жуықтаған.

Картоп бағасы 20,3 пайызға қымбаттап, 119,5 теңгеге жетті. Қызанақ 18,7 пайызға қымбаттап, құны 306 теңгеден асқан.

Ет өнімдері де айтарлықтай қымбаттағаны байқалды. Сиыр етінің көтерме бағасы келісіне 1100 теңге болса, жекелей саудада 1500 теңгеден асып жығылады.

Қазан айының қорытындысы бойынша жұмыртқаның 10 данасы 230 теңгеге жеткен. Ал сүттің 1 литрі 188,4 теңгені құраған.

Тағы оқыңыздар: 

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Өзі сатқан көлікті қайта ұрлап, байымақшы болған елордалық жігіттің масқарасы шықты

Қазақ сазгерінің әнін естіген әлемге танымал олигарх көз жасын тоқтата алмаған (видео)

Перзентханаға асығып, жол ережесін өрескел бұзған атыраулық азаматты сот ақтап шықты

Кітапханада дүркіретіп Хэллоуин тойлаған шымкенттік жастар жұрттың ашуын келтірді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1662771-biylghy-kuzde-zhemis-zhidek-pen-kokonis-b.html