RU

Түркияға жұмыс іздеп барған қырғыз қызы жантүршігерлік жағдайда комаға түскен (фото)

Қырғызстандық Ширин Бейшембекова есімді бойжеткен Түркиядағы қалалардың бірінде комаға түскен. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрап, жанұшырып жүр", - дейді қырғыз тележүргізушісі Ассоль Молдокматова.

22 жастағы қырғыз қызы Ширин Бейшембекова Денизлидегі емханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. Ол комаға түскен. Бойжеткен Түркияға бала күтуші ретінде жұмыс істеу үшін жұмыс бабындағы визамен барыпты.

Ширин емханаға жұқпалы дертке шалдыққан күйі түседі. Ағзасы әбден әлсіреген бойжеткеннің бүйрегі істен шыққан. Оның комада жатқанына 45 күн болды.

Бір ай бойы қыздың емін жұмыс берушілер төлеп келіпті. Ал бүгінде олар төлемді жалғастыра алмайтынын алға тартты. Нәтижесінде суық палатаға ауыстырылған Шириннің ыстығы қатты көтерілген.

Түркияға соңғы қаражатымен ұшып барған анасы қызының емі түгілі, уақытша баспанаға ақша таба алмай отыр. Қырғыз қызына көмек бере алатындар келесі байланыс нөміріне хабарласа алады: +90 530 226 92 22 (Анара).

Тағы оқыңыздар:

Қарағанды облысында бензин бағасы 200 теңгеге жуықтады

Неліктен мұсылмандарға Хэллоуин мерекесін тойлауға болмайды?

"ҚазМұнайГаз" қызметкерлері жаңа жылда сыйақысыз қалатын болды

Атышулы Гүлнар Кәрімова жақын күндері тағы да сотқа тартылмақшы

Алматыда жаппай төбелес бастаған автобус жүргізушісі мен кондуктор ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1662887-turkiyagha-zhumys-izdep-barghan-qyrghyz-qy.html