RU

Алтынай Жорабаева өзін алдап тікелей эфирге шақырған Ләйлә Сұлтанқызын әшкереледі

Қазақ эстрадасының ең танымал әншілерінің бірі Алтынай Жорабаева тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының өзін алдап-соққанын мәлімдеді. Айтуынша, әншіні «Хабар» телеарнасындағы «Тікелей эфир» ток-шоуына алдап шақырған екен. Журналиске өкпесі қара қазандай болған Алтынай тікелей эфирге шығудан бас тартып отыр деп жазады NewТimes.kz. 

 Бұл туралы Жорабаева өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. Алайда, арада бірнеше сағат өткеннен кейін ол жазған жазбасын қайта өшіріп тастаған.

«Мынау не сұмдық? Неге менімен ақылдаспайды? Қыздарымды шақырып, эфирге шығарып қойып, Сәбит екеуіміздің өмірімізді бүкіл халықтың алдында не үшін талқылауымыз керек? Бағдарламаға шақыратын кезде тек менің шығармашылығым, Астанада қалай тұрып жатқанымыз, қыздарым Астананы қалай қабылдады, әкем мен анамнан менің балалық шағым жайында ой өрбітетіндері жайлы ғана айтқан болатын. Ал мынаны қалай түсінуге болады?», - деп ашына жазды Алтынай.

Айта кетейік, «Тікелей эфир» бүгін сағат 15:00-де "Хабар" арнасынан көрсетіледі.

Алайда, оған Алтынай Жорабаева шыға ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыздар: 

Жемқорлығы үшін ұсталған экс-министр Бишімбаев сотқа келді

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатыр

Қостанайда екі адамды өлтіріп, денесін бөлшектеген жігіт жазадан құтылып кетті

Ерке Есмахан өзін "арзан ән айтады" деп сынаған тыңдарманға ренжіп қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1662978-layla-sultanqyzy-altynay-zhorabaevan.html