RU
«Нұрлы Жол» Инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) атқаратын қызметі
Жаңалықтар Қоғам

«Нұрлы Жол» Инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) атқаратын қызметі

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №1030 Жарлығымен бекітілген «Нұрлы жол» Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама), жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, жаңғырту және реконструкциялау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктері қарастырылған.

Бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №495 бұйрығымен Кредиттеу қағидасы бекітілген, соған орай жергілікті атқарушы органдар (Қарыз алушы) үшін сыйақы көлемі 0,01%, осыдан кейін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласында өз қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері үшін (Түпкілікті қарыз алушы) жылдық пайызы 0,02% мөлшерлемесінде 20 жылға бюджеттік кредит ұсынылады. Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде борышқа қызмет көрсету ауыртпалығын төмендету мақсатында, кредиттеу кезеңінің үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі.

Бағдарламаға сәйкес, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде анықталды.

Сенім білдірілген өкіл (агент) 2015 жылы 200 жобаға Қорытынды дайындады, оның ішінде Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 60 млрд.теңге сомасына 92 жобаны мақұлдады.

Іріктелген жобалар бойынша келесі жұмыстар жасалды:

- фото және бейне белгілеу құралдарын пайдалана отырып орындарға бару арқылы көзбен тексеру;

- инвестициялық жобаларды іске асырудың барысы туралы мониторинг;

- бюджеттік кредиттің келіп түсуі, игерілуі, өтелуі туралы мониторинг;

- коммуналдық кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы мониторинг;

- қолданыстағы, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің материалдар мен жабдықтарының мониторингі.

Сенім білдірілген өкіл (агент) 2016 жылы 293 жобаларға және 2017 жылы 240 жобаларға Қорытынды жасалды, олардың ішінде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 86,9 млрд.теңге соманың 119 жобаларын және тиісінше 48 млрд.теңге соманың 103 жобасын мақұлдады.

2015-2017 жылдары қаржыландырылған инвестициялық жобаларды іске асырудың нәтижесінде, 415, 4 км жылумен жабдықтау желілері, 2380,6 км сумен жабдықтау желілері, 445,7 км су бұру желілері, 34 қазандық пен 41 объект (сорғы станциялар, канализациялық сорғы станциялары) салынды және реконструкцияланды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel