RU
2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі заманғы материалдарды қолдану
Жаңалықтар Қоғам

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі заманғы материалдарды қолдану

Рассказать Вконтакте

«Нұрлы жол» бағдарламасы мақсаттарының бірі - Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін тиімді инфрақұрылымды құру негізінде макроөңірлерді біріктіру, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы жағдайдың нашарлауы жағдайында экономиканың жекелеген секторларын қолдау үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру арқылы бірыңғай экономикалық нарықты құру.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, кредиттеу тетіктері және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту, реконструкциялау және салу бойынша инвестициялық жобаларды субсидиялау қарастырылған.

Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі - бірыңғай техникалық саясатты оның ішінде, қазіргі заманғы технологияларды қолдану. Материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ отандық өндірушілерді жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту, реконструкциялау және салу кезінде отандық тауарөндірушілерді тарту және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезіндегі түпкілікті тұтынушылардың энергия тиімділікті және ресурсты үнемдеу бойынша іс-шараларын жүргізуге тарту.

«ТКШ Қазорталығы» АҚ инвестициялық жобаларын қарау кезінде отандық өндірушілердің материалдары мен жабдықтарын пайдалануға ерекше назар аударылады, бүгінгі күні 25 отандық тауарөндірушілер, оның ішінде: 13 құбырлы өнімдерді, 3 қазандық жабдықтарды, 6 ілмекті-реттегіш арматура, 1 сорғы жабдықтарды шығарушы зауыттар және 2 суды тазалау технологиясы бойынша зауыттар тартылды, бұл ағымдағы өндірістің ауқымын арттыруды және жаңа жұмыс орындарын жасауды қамтамасыз етеді, кәсіпкерлікке қолдау көрсету қысқа мерзімдегі экономикалық өсуге ғана ықпал етіп қоймайды, сонымен бірге ұзақ мерзімді тұрақты дамудың алғышарттарын жасайды.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ аса маңызды материалдар мен жабдықтарды, оның ішінде құбырларды, ілмекті-реттегіш арматураларды, сорғы жабдықтарды, қазандық жабдықтарды, канализациялық тазалау құрылғыларын және су тазалау құрылғыларын қарастырады.

Бұған қоса, энергияны үнемдеу және энергия тиімділікті жабдықтар міндетті түрде қарастырылатын болады (жедел дистанциялық бақылау жүйесі бар оқшаулаудың алдындағы құбырлар, жиілікті реттегіш құбырлары, қайнау қабатты қазандықтар, полимерлік құбырлар).

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel