RU

600 шегені жұтып қойған жігіт емханадан бір-ақ шықты

Үндістанда оташылар науқастың асқазанынан 600 шеге алып шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.day.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Калькуттадағы оташы Сиддхартха Бисвастың айтуынша, жігіттің асқазаны ұзындығы екі сантиметрге жететін 600 шегеге толы болған. Дәрігерлер шегелерді шығару үшін бір тәулік бойы ота жасап, магниттің көмегіне жүгінген.

"Ол психикалық ауытқушылыққа душар болған және түрлі заттарды жұтқанды ұнатады. Алайда оның ішінен 600 шеге шығатынын ешкім күтпеді", - дейді науқастың туысы.

Жігіт асқазаны ауыра бастағанда, дәрігерлерге шағымданған. Ақ халаттылар жігіттің асқазанындағы шегелерді көргенде өз көздеріне сене алмапты.

Тағы оқыңыздар: 

Жемқорлығы үшін ұсталған экс-министр Бишімбаев сотқа келді

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатыр

Қостанайда екі адамды өлтіріп, денесін бөлшектеген жігіт жазадан құтылып кетті

Ерке Есмахан өзін "арзан ән айтады" деп сынаған тыңдарманға ренжіп қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1663208-turli-zatty-zhutugha-aues-zhigittinh-asqa.html