RU

Тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыға діни басқарма зәулім үй салып берді (фото)

Діни басқарма жанындағы «Зекет» қоры Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылында өмір тауқыметін тартқан, асыраушысы жоқ отбасыға үй салып берді.

Рогоза Галина апаның бір қызы қауіпті дертке шалдығып, жұмысқа жарамсыз болып қалған. Одан бір немере қызы бар. Ол жоғарғы білімі жоқ, күнделікті диқаншыларға жалданып, егістікте жұмыс істейді. Одан үш шөбере бар, екі ұл, бір қызы мектепте (7-6-3 сыныптарда) оқиды.

Ұлты  молдован кейуана мешіттен азық-түлік, қаржылай көмек алып, кейін үйлерінің апатты жағдайда тұрғанын айтып, арыз жазып келеді. Имамдар тексере келе үйлерінің расында да апатты жағдайда екенін көріп, жаңа үй салып беруге шешім қабылдаған.

Нәтижесінде дін қызметкерлері тұрмыс тауқыметін тартқан отбасына зәулім үй салып берді.

Салтанатты шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қатысып, үйдің кілтін табыс етеді.

Тағы оқыңыздар: 

Жемқорлығы үшін ұсталған экс-министр Бишімбаев сотқа келді

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатыр

Қостанайда екі адамды өлтіріп, денесін бөлшектеген жігіт жазадан құтылып кетті

Ерке Есмахан өзін "арзан ән айтады" деп сынаған тыңдарманға ренжіп қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1663225-dini-basqarma-asyraushysy-zhoq-otbasygh.html