Выйти
RU

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көп сөзімен ел ішінде танымал болған Шымкент əкімі Ғабидолла Əбдірахымов қызметінен кетті. Бұрынғы шенеунік "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің құдасы, яғни туған бажасы Асқар Тұрысбековтің əкесі Зауытбек Тұрысбековтің орнына барды. Яғни Əбдірахымов енді "Нұр Отан" партиясының хатшылық қызметін атқарады.

Ал бұған дейін партияның хатшысы болған Зауытбек Тұрысбеков жаңа Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып, тағайындалды.

Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келді. Экономист және мемлекеттік әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған.

Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген бұрынғы шенеунік Германияда білім алып келгеннен кейін түрлі қызметтер атқарған.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің жетекшісі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Ал 2015 жылдың 19 тамызынан бүгінгі күнге дейін Шымкент шаһарын басқарып келді.

Тағы оқыңыздар: 

Жемқорлығы үшін ұсталған экс-министр Бишімбаев сотқа келді

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатыр

Қостанайда екі адамды өлтіріп, денесін бөлшектеген жігіт жазадан құтылып кетті

Ерке Есмахан өзін "арзан ән айтады" деп сынаған тыңдарманға ренжіп қалды (видео)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті