RU

Мектепке барғысы келмеген қыз төртінші қабаттан секіріп кетті (видео)

Түркияда төртінші қабаттан секіріп, аман қалған оқушы қызға анасы жұрттың көзінше айқайлап ұрсып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға Измит қаласында болған. 16 жастағы оқушы қыз мектепке барғысы келмей, өзіне қол салмақ болады.

Алайда төртінші қабаттан секіріп кеткен жасөспірімді құтқарушылар аман алып қалған. Қызының тірі қалғанын көрген анасы оған сол жерде айқайлап ұрсып береді.

"Саған не жетпейді, хайуан? Неден қиналып жүр едің? Саған тек жақсысын береміз. Менің мемлекеттік қызметкер болғаныма 40 жыл болды. Сен бізді масқара еттің", - деп қызына айқайлап жіберді анасы.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз (+18)!

Тағы оқыңыздар:

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Балаларын көшеде ұйықтатып қайыр сұраған аяғы ауыр келіншектің тағдыры елді алаңдатты

Астана әкімдігіне қарасты мекеме 55 млн теңгеге S класты Мерседес сатып алған

Тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыға діни басқарма зәулім үй салып берді (фото)

Түрлі затты жұтуға әуес жігіттің асқазанынан 600 шеге шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1663450-tortinshi-qabattan-sekirip-tiri-qalgha.html