RU

Күйеуіне көңілі толмаған жас келін 15 адамды өлтіріп қойды

Пәкістанның Музаффаргарх қаласының 21 жастағы тұрғыны күйеуін ғана улаймын деп 15 адамды өлтіріп қойды деп хабарлайды Daily Pakistan-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымының хабарлауынша, осыдан бір ай бұрын бойжеткенді туыстары сүйген адамы бола тұра еркінен тыс тұрмысқа берген. Жас келін жаңа отбасынан қашып кетпекші болады алайда туыстары оны қайтадан сол үйге апарып тастайды.

Отбасылық өміріне көңілі толмаған Асия сүйіктісімен бірге күйеуінен кек алуды ойластырады. Сөйтіп, ол күйеуінің сүтіне тышқанның уын қосып береді.

Алайда ер адам сүтті ішуден бас тартады. Кейін ешкім ішпеген сүттен келіншектің енесі дәстүрлі йогурт пен май дайындап 27 адамнан тұратын бір әулетті тамақтандырады.

Сөйтіп, тышқан уы қосылған йогурттан 27 адам уланып, оның 15-і сол жерде тіл тартпай кетеді. Әзірге қалған адамдардың денсаулығына қатысты басқа мәлімет жоқ. Қаза болғандардың арасында оның күйеуі де бар.

Қазір Асия Биби мен оның сүйіктісі қамауға алынған.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Балаларын көшеде ұйықтатып қайыр сұраған аяғы ауыр келіншектің тағдыры елді алаңдатты

Астана әкімдігіне қарасты мекеме 55 млн теңгеге S класты Мерседес сатып алған

Тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыға діни басқарма зәулім үй салып берді (фото)

Түрлі затты жұтуға әуес жігіттің асқазанынан 600 шеге шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1663517-kuyeuine-konhili-tolmaghan-zhas-kelin-15-ad.html