RU

Ақтау қаласының әкімі қызметінен кетті

Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов қызметінен кетті. Ол облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды деп хабарлайды "Лада" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сайлау 29 қазан күні өткен. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері аймақтық коммуникация қызметінің баспасөз-конференциясында мәлімдеді. Серікбай Тұрымов №6 облыстық мәслихаттың депутаты болған.

"Сайланған күннен бастап Серікбай Тұрымов қала әкімі қызметінен кетті", - дейді спикерлер.

Еске салсақ, Ақтау әкімі Серікбай Тұрымовты Маңғыстау облыстық мәслихатына депутаттыққа ұсынған болатын. Оның кандидатурасын №1 орта мектептегі №32 сайлау учаскесінің ақпараттық стендінде жария еткен.

Маңғыстау облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқаратын Аббат Өрісбаевтың айтуынша, Серікбай Тұрымов сайланған сәтінде қала басшысы міндетінен босатылады.

Айта кетейік, Тұрымов 2012 жылдың ақпанында Жаңаөзен әкімі қызметіне тағайындалған. Ал Ақтау әкімі қызметіне 2015 жылдың шілдесінде кірісті.

Тағы оқыңыздар: 

Қырғызстан бас тартқан 100 миллион доллардың тағдыры қашан шешілмек?

Төртінші қабаттан секіріп, тірі қалған оқушыға анасы жұрт алдында ұрсып тастады (видео, фото)

Тоңазытқышына тоғыз адамның мәйітін жасырған жас жігіт елді дүрліктірді

Күйеуіне көңілі толмаған жас келін 15 адамды өлтіріп қойды

Путинге қастандық ойлаған адамның әйелін атып өлтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1663633-aqtau-qalasynynh-akimi-qyzmetinen-ket.html