RU

Нью-Йоркте теракт: Жүк көлігі адамдарды таптап кетіп, сегіз адам қаза тапты (фото, видео)

Нью-Йоркте жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағында адамдарды таптап кетті. Қайғылы оқиғадан кемінде сегіз адам қаза тауып, тағы 15-і жараланған. Ел билігі бұны теракт деп атады. Бұл туралы ABC-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Fox News-тің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам қолына пневматикалық қару ұстап, "Аллах акбар" деп айқайлаған.

Жүк көлігі Манхэттендағы велосипед жолағынан бастап, бірнеше көшені кесіп өткен. Сөйтіп, жолындағы велосипедшілерді қағып, кейін оқушылар автобусын соққан. 

Қаланың қақ ортасында қырғын жасаған ер адамды полицейлер жүк көлігінен қолына қару алып түскенде жаралған. Қаскөй ауруханаға жеткізілген.

Оны тәртіп сақшыларынан қашпақ болған видеосы тіпті, Twitter әлеуметтік желісінде тарап кетті.

Қазір теракт жасады деп Флорида штатындағы Тампа қаласының 29 жастағы Сайфулло Саипов атты тұрғыны күдіктелуде деп хабарлайды CBS News.

Ол 2010 жылы АҚШ-қа қоныс аударған Өзбекстан мемлекетінің тумасы деп хабарлайды NBC New York.

Тағы оқыңыздар:

Солтүстік Кореяда ядролық сынақ алаңында 200-ден астам адам қаза болды

"Ыстық ұя" арқылы жүректерді жаулаған актриса танымал актерға тұрмысқа шықты (фото)

Бұрынғы күйеуіне ызаланған әйел оның көлігін талқандап тастады (видео)

Әлемде жолдары тақтайдай мемлекеттер белгілі болды

Жамбыл облысында жолаушыға лық толы автобус аударылып, 31 адам ауруханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1664050-nyu-yorkte-terakt-zhuk-koligi-adamdard.html