Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде тепсе темір үзетін азамат пойыздың астына түсіп өлмек болды

Опубликовано:

Семейде тепсе темір үзетін азамат пойыздың астында қалған. Темір жолға секірген тұрғынның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге беймәлім. Десе де өмірімен қош айтысқысы келген азаматтың көрер жарығы әлі таусылмаса керек. Өйткені дәрігерлердің өздері бас бөлігінің сау тамтығы қалмаған науқасты көргенде оңалып кететіне сенбеген деп хабарлайды 31 арна.

Ішімдік ішкен азамат пойыз рельсіне қасақана басын қойған. Адам қарасы көп жүретін базар сыртынан өтетін жолдың бойында келе жатқан жүк пойызының астына кенеттен секірген азаматты байқап қалған машинист уақытында тежегішті басып үлгерген. Бас сүйегі қатты зақымданған 45 жастағы азамат жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілген.

"Теміржолда өзіне қол салмақ болып, пойыз астына секірген. Біздің орталыққа түскен кезде жағдайы ауыр болды. Дұрыстап есі жоқ, сандырақтап жатты. Бірінші рет көрген кезде бетінде көп жаралары бар, жарақат алған. Қансырап жатты", - дейді жоғары санатты дәрігер-нейрохирург Төлеуғали Қойшыбаев.

Ал машинистер жүйіткіген пойызды жылдам тоқтату өте қиын екенін айтады. Мәселен, қала ішінде сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүретін пойызды кем дегенде 150-200 метрден соң ғана тежеу мүмкін екен. Ал қала сыртында сағатына 120 шақырымға дейін жүйіткейтін пойызды тоқтату үшін 400 метр қажет.

"Шұғыл қолданыстардың тежеуіш қолданғанның арқасында локоматив бригадасының жанағы адамның денсаулығын сақтап қалады. Машинист көмекшісі медициналық көмек көрсетіп жатқан кезінде «өмір сүргім келмейді, неге мені сақтап қалдыңыздар» деген сөздері естіледі", - дейді Семей пайдалану локоматив депосы,тепловоз машинисі Асет Амангазинов.

Аман қалған азаматтың бұл ісі өз өзіне қол жұмсау екені анық дейді олар. Семейде мұндай пойыздың астына түсіп өмірін қимақ болғандар саны жыл басынан бері оныншы рет тіркеліп отыр екен. Оның жетеуінде азаматтар аман қалса, екеуі денсаулықтарына зиян келтіргендер, ал бір адам өмірімен қош айтысқан.

Тағы оқыңыздар:

Солтүстік Кореяда ядролық сынақ алаңында 200-ден астам адам қаза болды

"Ыстық ұя" арқылы жүректерді жаулаған актриса танымал актерға тұрмысқа шықты (фото)

Бұрынғы күйеуіне ызаланған әйел оның көлігін талқандап тастады (видео)

Әлемде жолдары тақтайдай мемлекеттер белгілі болды

Жамбыл облысында жолаушыға лық толы автобус аударылып, 31 адам

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1664081-semeyde-tepse-temir-uzetin-azamat-poy/

pixel