RU

ОҚО баспасөз қызметі Шымкент қаласы әкімінің тағайындалғанын жоққа шығарды

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі бүгінгі ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланған Шымкент қаласы әкімінің тағайындалуы туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін хабарлады.

Тиісті тағайындау туралы ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми түрде тарататын болады.

Бүгінгі таңда жалған ақпарат таратқан дереккөздер анықталуда. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалған ақпарат таратушылардың жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7252) 24-71-55 телефон номіріне хабарласып білулеріңізге болады.ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1664640-oqo-baspasoz-qyzmeti-shymkent-qalasy.html