RU

Аша Матай мен Арман Қоңыр тұңғыштарының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Кеше Алматы төрінде жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңыр тұңғыштары Асылымның тұсаукесерін дүркіретіп өткізді. Жұбайлар қыздарының тұсауын Сәкен Майғазиевке кестірсе, бүлдіршінді екі жағынан Қарақат пен Жазира жетектеп жүрді.

Дүбірлі тойдың суреттері мен  видеолары Instagram желісінде жарияланды.

Тойға еліміздің өнер жұлдыздары қонақ ретінде келіп, әншілердің отбасына ақ тілектерін жаудырып, әннен шашу шашып кетті.

Желі қолданушылары Асылымның Арманға ұқсайтынын жарыса жазып жатты.

"Әкесінің аузынан түсіп қалған. Тіл - көзден сақтасын!", "Неткен тәтті балапан, көздері анасынан аумайды екен", "Сүп -сүйкімді екен өзі, айнымаған Арман ғой", -деп жазды олар.

Аяланың нағашы атасы тойда шөбересіне ақ батасын беріп, оның ғұмырлы болуын тіледі.

Тағы оқыңыздар:

Елбасынан сөз естіген Бозымбаев "Қазмұнайгаз" қызметкерлерін жұмыстан қумақшы

Қазақстан халқының еуропалықтарға қарағанда неліктен аз өмір сүретіні анықталды

Назарбаев пен Путин телефон арқылы не талқылады?

Алматыда жас жігіттер жеті мың теңге үшін соққыға жыққан зейнеткер көз жұмды

Елімізде темекіні бұрқырататын оқушы қыздар көбейіп кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1666341-asha-matay-men-arman-qonhyr-tunhghyshtaryn.html