RU

Мақпал Жүнісова қызы Мереймен марқұм Заманбектің туған жеріне барды (видео)

Мақпал Жүнісова қызы Мереймен бірге марқұм болған жары Заманбектің туған жері Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылына барды. Құрметті қонақтарды Нарынқолдың кіре берісінен ұлттық киімдегі қыздар қымыз бен бауырсақ ұсынып, қошеметпен қарсы алды деп хабарлайды NUR.KZ.  

" "Құтты қонақ келсе, қой егіз табады" дейді қазақ. Біздің киелі өлке, Хан Тәңірінің етегіне қош келдіңіз! Наннан ауыз тиіңіз. Мерейжан, қош келдіңдер аулыға. Нарынқол аудан болып құрылып жатыр, аяғың оң болсын Мақпал", -деп қуанып жатты тұрғындар.

Әншінің тыңдармандары желіде оның қарапайымдылығына тәнті болып, марқұм жұбайының ауылына арнайы барғанына көңілдері толқып отырғандарын жазды.

"Қатты толқып,көзімнен жас парлап отыр. Нарынқолым туған өлкем!Еңбегіңіз жана берсін! Киелі жердің келінісіз, ағамыздың əруағы риза болсын! Қызымыз Мерей бақытты болсын!", " Мерей екеуіңді көріп, қасиетті Нарынколдың ел-жұрты мәре-сәре болып жатыр.  Закең бір аунап жатқан болар", -деп жазды желідегілер.

 

Тағы оқыңыздар: 

Депутаттар Қанат Бозымбаевтың БАҚ өкілдеріне берген жауабын сынға алды

Қарағандылық кәсіпкер Өзбекстанның 18 азаматын құлдықта ұстаған

Маңғыстауда 20 жастағы қыздың бетіне қайнаған май шашып жіберген күдікті ұсталды

Алматы облысында тәртіпке бағынбаған Қытай азаматы полицейлермен төбелесті (видео)

Ағасының кесірінен 14 жастағы қыз көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1666424-maqpal-zhunisova-qyzy-mereymen-marqum.html