RU

Шымкенттік қария елдің тұрмысын көтеру үшін тез арада Шыңғыс ханның қабірін ашуды ұсынды

Шымкенттік Әділхан Әтемов есімді қария халықтың тұрмысы жақсарып, елдің рухын көтеру үшін тез арада Шыңғыс ханның қабірін ашу керектігін айтты. Бұл туралы ол Замана газетіне берген сұхбатында мәлімдеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Естеріңізде болса, Сман Өтегенов пен Гүлжанар Алтынбекова есімді ерлі-зайыптылар  Шыңғыс ханның қабірін тапқанын айтып, ОҚО-да орналасқан зират аймағында қазу жұмыстарын бастаған еді. Олар Шыңғыс ханның түсінде аян бергенін, қабірді тек президенттің бұйрығымен ашуды ескерткенін мәлімдеді. Алайда, олардың өтінішіне жоғарыдағылардың назар аудармағаны шымкенттік қарияны әбден ашуландырыпты.

- Оларға жәрдем беру керек. Өздері пәтер жалдап тұрады. Адам емдеп және әркімнің ұсақ-түйек жұмысына жалданып күн көріп жүр. Мен Гүлжанат шақырғасын барғанмын. Ол: «Тағы да аян түс көріп жүрмін. Бабалар істі тездетуді бұйырды. Қазған жерлеріңе тіреу қо­йыңдар деді», – дейді. Өздері жүдеп қалыпты, оларға көмек керек. Байқа­уымша, олар ешқандай да «ауытқыған» немесе арам мақсат көздеп жүрген жандар емес. Жоғарыдағылардың олар қазып жатқан жерді тексерте салса несі кететініне түсінбеймін. Солай етсе, қандай болғанда да шын­дықтың беті ашы­лар еді. Бұл өзі тегін нәрсе емес қой. Мысалы, Келес жақтағы Абай ауылында тұратын бір балаға да осындай аяндар беріліп жүр екен. Ол тіпті аян бойынша Шыңғыс ханның тағының суретін де сал­ған. Міне, мен соны да арнайы әкеліп отырмын, – дейді Әділхан Әтемов.

Ақсақалдың айтуынша, Шыңғыс ханның қабірі ашылған соң  елдегі проблемалар шешіліп, зорлық-зомбылық азайып, халықтың тұрмысы жақсарады екен.

"Ары кетсе екі-үш аптаның ішінде Гүлжанар мен Сманға қабірді ашуға мүмкіндік тудыруымыз керек. Жұрт жиналса, қабірді ашамыз. Өйткені Гүлжа­нар­ға: «Қабірді өздерің ашпаңдар. Басшылар рұқсат беріп, адам жіберсе, содан кейін барып кіресіңдер», – деп аян беріліпті", - дейді қария.

Тағы оқыңыздар: 

Мақпал Жүнісова қызы Мереймен марқұм Заманбектің туған жеріне барды (видео)

Аша Матай мен Арман Қоңыр тұңғыштарының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Нью-Йоркте теракт жасаған өзбекстандық "көп адам өлтіргісі келгенін" айтып, сотты шошытты

Ағасының кесірінен 14 жастағы қыз көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

23 жастағы студент 91 жастағы кейуанаға үйленіп алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1666428-shymkenttik-qariya-eldinh-turmysyn-kote.html