Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев шоу-бизнестегі "ұятсыз" әншілер туралы айтты

Опубликовано:

Хабар арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасына келген Мейрамбек Беспаев бүгінгі көгілдір экрандағы кей әріптестерінің киім киістері мен әндеріне көңілі толмайтынын айтты. Әнші тіпті оларды "орыс тілді және қазақ тілді, ұяты бар және ұяты жоқ әншілер" деп бөліп қойғанын да жасырмады.

"Өздеріңіз көгілдір экраннан не болып жатқанын көріп жүрсіздер ғой. Бұрындары өзіміз сол қазанда қайнап жүргеннен кейін аса мән бермейтінбіз, өнер адамы деп қарайтынбыз. Қазір әке болып, бала-шаға тәрбиелеп отырған соң "ол немен сусындап жатыр, біз қалай тәрбиелеп жатырмыз, біздің экран не көрсетіп жатыр" деп қадағаласам, көпшілік қазір ән тыңдайды. Осындай шоу-бағдарламалар өте керек. Оған көбінесе эстрада жұлдыздары қызығыушылық танытады, біздің де бала-шағамыз көреді. Содан тәрбиелік мәні бар ма, жоқ па деп қарап "ұятсыз әншілер" мен "ұятты әншілер" деп бөлуге тура келді", - деді ол.

Ұятсыз деген - ашық-шашық, қалай болса солай киініп жүретіндер. Олар "бұл заманда бұл сән, еркін болайық" деп әдемі тәрбие беріп жатқандай көрінді. Содан кейін мен бөліп қойдым оларды. Шама келсе көрсетпеуге тырысамын, бала-шағамызбен көруге ұялатын болдық қазір. Қолыңда билік болмаған соң, сөзің өтпейді. Мысалы, көршілес тұрған Өзбекстанды алып қараңыздар, ол жерде көркемдік кеңессіз бірде-бір әнші теледидардан көрсетілмейді",- деп ағынан жарылды ол.

Еске салсақ, 8 қараша күні Мейрамбек Беспаевтың сахнада жүргеніне 30 жыл толуына орай жеке шығармашылық кеші өтеді.

Тағы оқыңыздар: 

Мақпал Жүнісова қызы Мереймен марқұм Заманбектің туған жеріне барды (видео)

Аша Матай мен Арман Қоңыр тұңғыштарының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Нью-Йоркте теракт жасаған өзбекстандық "көп адам өлтіргісі келгенін" айтып, сотты шошытты

Ағасының кесірінен 14 жастағы қыз көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

23 жастағы студент 91 жастағы кейуанаға үйленіп алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1666472-meyrambek-bespaev-shou-biznestegi-uyat/

pixel