RU

ОҚО-да ішімдікке тойып алған шенді полицей тұрғынды жаралаған

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары жергілікті тұрғынның үйіне түнгі уақытта мас болып келіп, отағасының денесіне пышақ жарақатын салған. Мұны ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова да растап отыр деп хабарлайды sn.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын орын алған. Жәбірленуші аудандық полицияға арызданғанда, оның арызын қабылдаудан бас тартқан көрінеді. Бұл туралы оның өзі Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Айтуынша, ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Олжас Амандықов мас күйде көлікпен келіп, оны және оның әпкесін пышақпен жаралапты.

Салтанат Қаракөзова бұл жайттың орын алғанын растап, Амандықовтың үстінен екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Оған қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзіндік қауіпсіздік қызметіндегілер қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - деді ол.

Тағы оқыңыздар: 

Мақпал Жүнісова қызы Мереймен марқұм Заманбектің туған жеріне барды (видео)

Аша Матай мен Арман Қоңыр тұңғыштарының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Нью-Йоркте теракт жасаған өзбекстандық "көп адам өлтіргісі келгенін" айтып, сотты шошытты

Ағасының кесірінен 14 жастағы қыз көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

23 жастағы студент 91 жастағы кейуанаға үйленіп алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1666506-oqo-da-ishimdikke-toyyp-alghan-shendi-pol.html