RU

Астанадағы наркоорталықта 29 жастағы жігітті ұрып өлтіргендер сотталып кетті (видео)

Астанадағы Наркология және психотерапия орталығында 29 жастағы ер адамды аяусыз сабаған полиция мен сол орталықтың қызметкерлеріне сот үкімі шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер департаменті патруль қызметінің сенжанты Берік Мырзабеков он жылға, фельдшер Саят Сатын мен мекеменің санитарлары – Фархат Қамбетов пен Сұңғат Темірғалиев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 106- бабы 3-бөлімінде (байқаусызда зардап шегушінің өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды, сондай-ақ Мырзабеков Қылмыстық кодекстің 362- бабы 4-бөлімі 1, 2-тармақтары (билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осы жылдың наурызында 29 жастағы Николай Кривенко Момышұлы даңғылындағы үйдің ауласында ұсталған. Түнде полицияға белгісіз біреуден тұрақтағы көліктердің шамдарын сындырып жүргені туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына келген полицейлер Кривенконы Астананың медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына жеткізеді.

Ұсталған жігіт тәртіпке бағынбай, фельдшерді ұрып жібереді. Жігітті тыныштандыру үшін полиция кіші сержанты мен орталық қызметкерлері оны соққының астына алған. Кривенко сол жерде қаза болған.

Сарапта Николай Кривенко ұсталған кезде сау болғанын анықтады.

Тағы оқыңыздар: 

Мақпал Жүнісова қызы Мереймен марқұм Заманбектің туған жеріне барды (видео)

Аша Матай мен Арман Қоңыр тұңғыштарының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Нью-Йоркте теракт жасаған өзбекстандық "көп адам өлтіргісі келгенін" айтып, сотты шошытты

Ағасының кесірінен 14 жастағы қыз көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

23 жастағы студент 91 жастағы кейуанаға үйленіп алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1666582-astanadaghy-narkoortalyqta-29-zhastaghy-zh.html