RU

Назарбаев: Өз адамдарын қаржыландыру үшін былыққа батқандар тиісті жерде отырады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев RBK банкіне қатысты жағдайға түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы" басқарма төрағасы Светлана Романовская президентке жүгінді.

"Қазір RBK банкімен байланысты өте өткір мәселе тұр. Біздің ойымызша, банк әділ, дұрыс істеп жатқан жоқ. Маусым айынан бері бұл банк күрделі проблемаларға тап болды, банктің клиенттері, салымшылары, кәсіпкерлер ақшасынан айырылып жатыр. Маған 300-ден аса адам көмек сұрап жүгінді, сондықтан осы мәселені қарауды өтінеміз", — деді Романовская.

Ол екі аптадан бері банктің барлық карточкасы бұғатталғанын, кәсіпкерлер маусымнан бері жұмысшылардың жалақысын төлей алмай жатқанын, студенттер шәкіртақысын ала алмай отырғанын айтты.

"Ұлттық банк осының бәрін көріп отырып, маусымнан бері ешқандай шара қолданбай отыр. Банк салымшыларына көмектесуіңізді өтінеміз", — деді ол.

"Мен бұл мәселені жақсы білемін, онда не болып жатқанын білемін. Өз адамдарын қаржыландыру үшін ұрлық жасаған акционерлердің былығы бұл. Барлығын тәртіпке келтіреміз. Ұрылар тиісті жерде отырады. Оларды ақшаны қайтаруға мәжбүрлейміз. Бұл банктің жұмысын тұрақтандыруға тырысамыз. Әсіресе, жеке тұлғалар өз қаржысын қайтарып ала алады", — деді Назарбаев.

"Қазіргі уақытта үкімет ұлттық банкпен белсенді жұмыс істеп жатыр", - деп түйді сөзін президент.

Тағы оқыңыздар:

Эфирге басын ұстап шыққан тележүргізуші жұртты шошытты

Ресейлік порно жұлдыз 2018 жылы президент сайлауына түспекші (фото)

Рамзан Қадыров Мәскеудің қақ ортасында тұрған Ленинді жерлеуге шақырды

ОҚО-да ішімдікке тойып алып қырғын салған шенді полицей қызметінен қуылды

Шымкенттік қария елдің тұрмысын көтеру үшін Шыңғыс ханның қабірін ашуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1666679-nazarbaev-oz-adamdaryn-qarzhylandyru.html