RU

Құмар ойынға салынған азамат жаңа босанған келіншектің екі шыны сүтін ұрлап кеткен

Құмар ойынның құлына айналған 42 жастағы Иу Мин Кин тәуелділікке тап болғаны үшін соңғы кездері қатты өкініпті. Түрмеден шартты түрде босатылған оған 12 айға дейін сынақ мерзімі белгіленіп, бір жыл ішінде психологиялық және психиатриялық ем алуы тиіс болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда таяуда Иу Мин Киннің жұмыстағы әріптесінің екі шыны сүтін ұрлағаны туралы белгілі болған. Жаңа босанған әйел сүттің өзгеше екенін бірден танып қойыпты. Иу өзінің әрекетін қызығушылықтан жасағанын түсіндірді.

Жергілікті сот Иу Мин Кинге қатысты жаза қолданбауға шешім қабылдады. Өйткені ол бұған дейін бар ақшасын құмар ойынға жұмсап, ұрлыққа дейін барғанын мойындай келе өз әрекеті үшін қатты өкінетінін айтып, құмар ойынды қоятынына уәде берген.

Тіпті туысқандары, достары мен әріптестері Иуді қорғап, ойынқұмарлылығына қарамастан оның сабырлы, сенімді және адал кісі екендігін айтады.

Қазір Гонконг тұрғыны Иу Мин Кин бірнеше айдан бері психологиялық ем алып жатыр. Ол құмардың жетегіне еріп, қателігін қайталамас үшін кредиттік карталары мен бар ақшасын әпкесіне тапсырып қойған.

Қорғаушысы Джошуа Чойдің сөзінше, ол енді жаңа өмір бастауды ұйғарыпты.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да ішімдікке тойып алған шенді полицей тұрғынды жаралаған

Көз жанары екі түрлі ару өзіне тесіле қарайтындарға жанайқайын жеткізді

Жазира мен Жанболат болашақ келіндеріне қандай талап қоятындарын айтты

Астанадағы наркоорталықта 29 жастағы жігітті ұрып өлтіргендер сотталып кетті (видео)

Әкімнің пиары керек емес: Ақтөбе тұрғыны атышулы Испановтың өтірігін әшкере қылды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1666832-zhanha-bosanghan-ayeldinh-eki-shyny-sutin-u.html