Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев еліміздегі кәсіби мереке күндерін бекітті

Опубликовано:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан мерекелік күндері" туралы Заңының төртінші бабына сәйкес еліміздегі 46 кәсіби мерекелік күнді мақұлдап, жарлыққа қол қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "Әділет" құқықтық акт жүйесінде жарияланды.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия күні - 10 қаңтар;

2. Алғыс айту күні - 1 наурыз;

3. Жерді пайдалану, геодезия және картография күні - наурыз айының екінші сенбісі;

4. Геологтар күні - сәуір айының алғашқы жексенбісі;

5. Ғылыми қызметкерлер күні - 12 сәуір;

6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір;

7. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні - 21 мамыр;

8. Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандары күні - 31 мамыр;

9. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - мамыр айының соңғы жексенбісі;

10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні - 4 маусым;

11. Экологтар күні - 5 маусым;

12. Полицейлер күні - 23 маусым;

13. Мемлекеттік қызметкерлер күні - 23 маусым;

14. Жеңіл өнеркәсіп өндірушілер күні - маусым айының екінші жексенбісі;

15. Медицина мамандары күні - маусым айының үшінші жексенбісі;

16. Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні - 28 маусым;

17. Дипломатиялық қызметкерлер күні - 2 шілде;

18. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күні - 13 шілде;

19. Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні - шілде айының екінші жексенбісі;

20. Металлургтер күні - шілде айының үшінші жексенбісі;

21. Сауда саласы қызметкерлерінің күні - шілде айының төртінші жексенбісі;

22. Транспорт саласы мамандарының күні - тамыз айының алғашқы жексенбісі;

23. Құрылысшылар күні - тамыз айының екінші жексенбісі;

24. Шекарашылар күні - 18 тамыз;

25. Спорт күні - тамыз айының үшінші жексенбісі;

26. Кеншілер күні - тамыз айының ақырғы жексенбісі;

27. Білім күні - 1 қыркүйек;

28. Мұнай-газ саласы қызметкерлері күні - қыркүйек айының алғашқы жексенбісі;

29. Отбасы күні - қыркүйек айының екінші жексенбісі;

30. Қазақстан халықтарының тілдер күні - 5 қыркүйек;

31. Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек;

32. Әділет огандары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек;

33. Машина құрастырушылар күні - қыркүйек айының соңғы жексенбісі;

34. Еңбек күні - қыркүйек айының ақырғы жексенбісі;

35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - 6 қазан;

36. Ұстаздар күні - қазан айының алғашқы жексенбісі;

37. Құтқарушылар күні - 19 қазан;

38. Орман шаруашылығы мамандарының күні - қазан айының үшінші жексенбісі;

39. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің күні - қазан айының соңғы жексенбісі;

40. Қауіпсіздік ұйымдарының қызметкерлері күні - 29 қазан;

41. Сыртқы барлау күні - 5 қараша;

42. Статистика күні - 8 қараша;

43. Ұлттық валюта - теңге күні, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - 15 қараша;

44. Ауылшаруашылығы қызметкерлері күні - қараша айының үшінші жексенбісі;

45. Прокуратура күні - 6 желтоқсан;

46. Энергетиктер күні - Желтоқсанның үшінші жексенбісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1667340-saghyntaev-elimizdinh-merekelik-kunde/

pixel