RU

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

Желтоқсан айында Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік мерекесін тойлайтын қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жылдың соңғы айында Қазақстан халқы демалыс күндерін қосқанда 13 күн бойы демалады.

Сонымен, Тұңғыш президент күні, 1 желтоқсан, жұмаға келіп тұрғандықтан үш күн қатарынан демалыс болады.

16 және 17 желтоқсан, Қазақстанның тәуелсіздігі күні сенбі және жексенбіге түседі, сәйкесінше демалыс күндері дүйсенбі және сейсенбіге, 18, 19 желтоқсан күндеріне ауысады.

31 желтоқсан жексенбіге келгендіктен демалыс болып есептеледі.

Айта кетейік, бұл кесте бес күндік жұмыс аптасына арналған.

Тағы оқыңыздар:

Павлодардағы жанармай бекетінде бензиннің орнына ауа сатқан (видео)

Алматы облысында туберкулезге шалдыққан мұғалім мектепте сабақ берген

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Байбек жауып тұрған жаңбырға қарамастан Алматы көшелеріне ағаш отырғызды (фото)

Қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған шенеунік қара жұмыспен айналысып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1667427-qazaqstandyqtar-zheltoqsan-ayynda-ne.html