Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол қауіпсіздігін күшейту үшін жүргізуші куәлігін 21 жастан беру дұрыс болар ма еді?

Опубликовано:

Елімізде жол-көлік апаты өте жиілеп кетті. Соңғы жарты жылда елімізде болған 5 мыңға жуық жол апатынан мыңнан астам адам опат болып, тағы 5 мыңнан астамы жарақат алған.

Осы ретте таяуда Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев "жүргізуші куәлігін әскерилерден өзге азаматтарға 21 жастан беру қажет" деген бастама көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

Артынша бұл бастаманы ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков те қолдады. Алайда мұнымен кейбір қоғам қайраткерлері, тіпті жол сақшыларының өзі келіспей отыр.

Сонымен, жол қауіпсіздігін күшейту үшін жүргізуші куәлігін 21 жастан бастап берген дұрыс па? Бұл ретте де мамандар пікірі екіге айырылды. Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Мәжіліс депутаты:Иә– Мен бұл ретте дүниежүзіндегі тәжіри­бе­лердің барлығын қарап шықтым. Көп мем­лекеттерде жүргізуші куәлігін 21 жастан бастап береді.

Сонымен қатар өркениетті ел­дер­де жүргізуші куәлігін бірден бере сал­майды. Әуелі бір жылға сынақ мерзімі бері­ле­ді. Егер осы уақыт аралығында жол ере­же­сін бұзбаса, тәртіп сақтап жүрсе, сонда ғана ұзақ мерзімдік жүргізуші куәлігіне ие болады.

Неге осындай тәртіпті бізде енгіз­бес­ке? Қазір бізде қалай болып жатыр? Жол жүру ережесін ешкім сақтамайды. Жүргізу­ші­лер бірін-бірі сыйламайды. Жүргізуші тұр­мақ, жаяу жүргіншілердің өзі бағдаршам қы­зыл жанып тұрса да, жолдан жүгіріп өте­ді. Демек, елімізде көлік жүргізу мәдениеті әлі қалыптаспаған. Бұрындары жол жүру ережесін арнайы курстарда үйрететін.   Мен өзім де сонда бір жыл оқыдым. Қа­зір ол жоқ. Жүргізуші куәлігін көпшілігі сатып алып жатыр. Бұған қатысты қаншама қыл­мыстар ашылуда.

Міне, осының сал­да­рынан елімізде жол-көлік апаттары тым кө­бейіп барады. Соңғы алты айдың ішінде рес­публика бойынша 4690 жол-көлік апа­ты тіркеліп, нәтижесінде 1027 адам қай­тыс болған. Ал соңғы төрт айдың мә­лі­ме­тін қосқанда, қаза болғандардың саны 1937 адамға жетіпті.

Бұл дегеніңіз, бір жыл ішінде білдей бір ауылдың тұрғын­да­рынан айырылып отырмыз деген сөз емес пе? Оның себебі жетіп-артылады: жолдың сапа­сыздығы, жүргізушілер да­йын­ды­ғы­ның төмендігі, жол қозғалысына қаты­су­шы­лардың қарапайым жол жүру мә­де­ниетін сақтамайтындығы және т.б.

Қа­зақ­стандық жол-көлік апаты адам шығыны бо­йынша жүрек ауруынан кейінгі екінші орын­да тұр. Яғни жол үстіндегі апатты жағ­дайлар ұлттың болашағына қауіп төн­діріп отыр деген сөз.

Оған қоса, жауапсыз жүр­гізушілерді тәртіпке салушы жол поли­ция­лары қызмет бабын асыра пайдала­нып, тиісті міндетін атқарудың орнына бі­реу­дің көз жасына малынған пара алу әдет­терінен әлі де арыла алмай келеді. Тіп­ті сақшының ысқырығына пысқырып та қарамайтын жүргізушілер бар.

Сон­дық­тан бірнеше мәрте жол ережесін бұз­ған жүргізушілер ақылы түрде қайта емти­хан тапсыруы қажет. Автомобильдердің, әсі­ресе қоғамдық көліктердің техникалық жағ­дайын бақылау талаптарын қатайту ке­рек.

Олардың басым көпші­лігінде тікұшақ жоқ, жол бойынан жедел жәрдем көрсететін медициналық пункттер ашу жағы да қарастырылмаған.

Бұған қоса, жылдамдық өлше­гіш­тер­дің санын және бағдаршамдардағы жа­сыл жарықтың уақытын көбейтуге тиіспіз. Сонымен қатар жол қауіпсіздігіне жіті назар аударып, республикалық авто­ма­­гистральдағы жол қауіпсіздігі мен адам өмірін сақтауға байланысты тиісті шара қабылдауымыз керек.

Онымен қоса, Тө­тен­ше жағдайлар министрлігі мен Жол по­­лициясының техникалық базасы толық жаб­дықталмаған.

Олардың басым көпші­лігінде тікұшақ жоқ, жол бойынан жедел жәрдем көрсететін медициналық пункттер ашу жағы да қарастырылмаған.

Тіпті жа­ра­қаттанғандарға жедел көмек көрсететін бірде-бір реамобиль де жоқ. Нәтижесінде жәрдемнің кешігіп жет­кендігінен өмірін сақтап қалуға болатын "алтын уақытта" адам­дар дәрігер көмегін алып үлгер­местен, жол үстінде көз жұмып жатады. Сон­дықтан бұл бастаманы ертерек қолға алып, жол қа­уіп­сіздігін күшейтуге ерекше ден қой­ғанымыз жөн.Бақыткелді АЙҚЫНБЕКОВ, Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы:

Жоқ

– Жүргізуші куәлігін 21 жастан берейік, 25 жастан берейік, бірақ ол мәселені шеш­пейді. Мұның барлығы тәртіпке және са­на-сезімнің өзгеруіне байланысты.

Жарайды дейік, көлікті жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескендерге және кө­лік­ті мас күйінде басқарғандарға тыйым сал­ғанымыз дұрыс.

Бірақ жүргізуші куәлігін 21 жастан берейік дегенді мен онша құптай қоймаймын. Бұл – менің жеке пікірім. Одан да балабақ­шада, мектепте жол жүру ережесін тия­нақ­ты үйретуді қолға алғаны­мыз дұрыс шы­ғар.

Тіпті көлік жүргізуді үй­ретуді тек қана арна­йы курстарда емес, мек­тептерге пән ретін­де енгізуіміз қажет. Жүр­гізуші куәлігін 16 жастан берсек те болады. Онда тұрған еш­теңе жоқ. Бұл жерде заңға бағынуға кішкентай кезден бастап тәрбиелеу керек. 

 Сонда ғана өзгеріс болады. Керек де­сеңіз, көптеген өркениетті елдердің тә­жі­рибесіне қарасақ, оларда жүргізуші куә­лігін 16 жастан бастап береді.

Ал біз болсақ, жастарға 18 жастан қолына қару беріп, танк жүргізуге рұқсат береміз де, ал көлік жүргізуге келгенде, жүргізуші куәлігін қимай қаламыз.

Бұл дұрыс па? Жастарға әскери техниканы беруге қорықпаймыз да, ал көлік жүргізуге келгенде тосырқап қалатынымыз қалай?

Бұл жерде мә­се­ленің барлығы тәрбие мен халық ара­сын­дағы көлік жүргізу мәдениетінің тө­мендігіне байланысты болып отыр. Қазір бізде көліктің жылдамдығын асыру тек жастардың арасында ғана емес, үлкендердің арасында да мақтанышпен айтылып жатады. Міне, осы психологияны өзгертпейінше, тыйым сала бергеннен мә­селе шешілмейді.

Ал біз болсақ, жастарға 18 жастан қолына қару беріп, танк жүргізуге рұқсат береміз де, ал көлік жүргізуге келгенде, жүргізуші куәлігін қимай қаламыз.

Сондықтан жол қауіпсіздігін тек қана жол сақшыларының мін­детіне жүктеп қоя салмай, мұнымен ке­шенді түрде қоғам болып бірігіп, жұ­мыстар жүргізуіміз қажет. Мәселен, өр­ке­ниетті елдерде көліктер ешқашан жолдың қа­рама-қарсы бетіне шықпайды.

Ондайды көрсе, жол полициясы тұрмақ, жаяу жүр­гін­шілерінің өзі таңғалады. Ал бізде ше? Кө­лік жүргізушілері ондайды көрсе, таң­ғалмақ түгіл, соның артынан көлігімен еріп кетеді. Неге олай жасадың десең, "анау жүрген соң, артынан жүрдім" дейді. Осы бола ма? Сондықтан халықтың көлік жүр­гізудегі мәдениетін көтеріп, жастарға ба­лабақшадан бастап заңға бағынуды, жол ережесін бұзбауды қатаң үйретуіміз қа­жет. Әрине, онымен қоса, жолдың ин­фра­құрылымын да ескеру керек. Жолдардың ке­дір-бұдырларын ретке келтіруге тиіспіз. Айта берсек, бұл салада мәселелер жетіп-ар­тылады. Дегенмен жол қауіпсіздігіне ке­шенді түрде қарамасақ, жеке-жеке бө­ліп қарауға болмайды. Себебі бір шетін рет­ке келтірсең, екінші жағынан ши шы­ғып тұрады. Сол үшін жол қауіпсіздігіне бай­ланысты үлкен кешенді бағдарлама қа­былдап, жол қауіпсіздігін сақтаумен қоғам болып күресуіміз қажет.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/166780-zhol-kauipsizdigin-kyshejtu-yshin-zhyrgizushi-kueligin-21-zhastan-beru-dyrys-bolar-ma-edi/

pixel