RU

Түнгі клуб күзетшісі қыздардың бай еркектерді құрығына түсіру үшін не істейтінін айтып берді

Түнгі клубта күзетші болып жұмыс істейтін жігіт NUR.KZ порталына қыздардың құйтырқы әрекеттері туралы айтып берді. Төрт жыл бойы күзет қызметінде жұмыс істеп келген Бексұлтан мекемеге келген қонақтардың түрлі қызықтарын баяндады.

«Менің түнгі клуб күзетшісі болып жұмыс істегеніме төрт жыл болды. Осы тұста менің кәсібім ең маңызды қызметтердің бірі деп айта аламын. Кез келген адам жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан ішкенде өзіне өзі ие бола алмай қалады. Дәл сондай кездері менің көмегім аса қажет", - дейді ол.

Оның айтуынша, бай-бағландар кейде өте жиіркенішті әрекеттерге барады.

«Жасы келген, үлкен қызметі бар, ауқатты ер адамдар вип-бөлмелерді жалдап, жас балаша көңіл көтереді. Қыздардың көзінше бір-бірімен төбелесіп, жанжал шығарып жатады", - дейді ол.

Бірақ мұндай жанжалдардан қыздар да қалыс қалмайтын көрінеді.

"Ерлердің назарына түспей жүрген қыздар қатты ішіп алып, өздерімен өздері сүйісе бастайды", - деген ол қыздардың орынсыз қылықтары туралы әңгімеледі.

Бексұлтанның айтуынша, клубқа өзіне демеуші іздеп келетін қыздар елдің ашуына тиеді. "Олар ауқатты жігіт табу үшін бәріне дайын болады", - дейді ол.

Сондай-ақ, клуб күзетшісі олар көп жағдайда өз мақсаттарына жетеді дейді.

Бексұлтанның айтуынша, клубқа келгендердің барлығы өмірде мүлдем басқа адамдар. Мәселен, өздерін аса бай адам ретінде көрсеткісі келетіндер жай ғана қарапайым саудагерлер болуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев: Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам пікіріне құлақ асу керек

АҚШ шіркеулерінің бірінде 20 жастағы жігіт отызға жуық адамды қырып салды

Жұлдызды отбасыға келін боп түскен бойжеткен ерекше даусымен елді тәнті етті

300 жаңғақты бір минутта жұдырығымен шаққан ер адам жұртты таңғалдырды (видео)

Қатерлі ісікке шалдыққан соң күйеуі тастап кеткен қазақ қызы бақытқа қалай қол жеткізді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1667892-tungi-klub-kuzetshisi-qyzdardynh-bay-er.html