RU

Бейбіт Сейдуалиева Тоқтар екеуінің арасына түскендер жайлы ашып айтты

"Zhuldyz.tv" арнасының "Сенбілік серуен" бағдарламасына қонақ болып келген Бейбіт Сейдуалиева жан сырымен бөлісті. "Отбасылық өмірімізде қиындықтар аз болмады" деген әнші жары Тоқтар Серіков екеуінің арасына түскендер туралы ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Шыны керек, қарсы қойып, арамызды бұзушылар болды. Екеумізді болар-болмас сөзге бола екі жаққа бөліп, ажырастырып жіберген күндер де бар. Бір таңғалғаным, құдайдың бұйрығы деген керемет бір нәрсе бар. Алла тағала ол адамды сенің жарың болуға бұйыртып, өмір бойына бірге болуды жазса, сен ешқайда кетпейді екенсің.

Қанша қиыншылық болып жатса да, қанша "көрмегенім сол болсын" деп, қиылысатын жолдардан ары-бері қашып жүргенде бәрібір айналып келіп топ еткізіп кездестіріп қояды екен. Сондай сәттер бізде өте көп болды", - деді Бейбіт Сейдуалиева.

Еске салсақ, Тоқтар мен Бейбіттің Беколжас, Әлинұр, Сағинұр есімді үш ұлы бар. Әншілер өнерден бөлек, жеке бизнеспен айнылысатындарын отандық басылымдарға берген сұхбаттарында  айтқан.

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев: Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам пікіріне құлақ асу керек

АҚШ шіркеулерінің бірінде 20 жастағы жігіт отызға жуық адамды қырып салды

Жұлдызды отбасыға келін боп түскен бойжеткен ерекше даусымен елді тәнті етті

300 жаңғақты бір минутта жұдырығымен шаққан ер адам жұртты таңғалдырды (видео)

Қатерлі ісікке шалдыққан соң күйеуі тастап кеткен қазақ қызы бақытқа қалай қол жеткізді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1667943-beybit-seydualieva-toqtar-ekeumizdi.html