RU

Павлодарда қызға таласып қалған жігіттер 19 жастағы азаматты өлтіріп тастады

Павлодарда бойжеткенге таласқан жігіттер 19 жастағы тұрғынды өлтіріп алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелес 29 қазан күні Камзина көшесінде болған.

"Таңғы бесте болған төбелесте 21 жастағы жігіт 19 жастағы азаматқа пышақ жарақатын салды. Жарақат алған жігіт емханада тіл тартпай кеткен. Күдікті қамауға алынды", - дейді құзырлы мекеме.

Куәгерлердің айтуынша, төбелес жас қызға бола шыққан.

"Бойжеткен Instagram желісіне өзге жігітпен түскен фотосын жүктеген. Бұны жақтырмаған сүйіктісі қызғаныштан "қарсыласының" сазайын тарттырмақ болады. Ол екі досын ертіп, фотодағы жігітті төбелеске шақырады. Төбелесті байқап қалған 19 жастағы өзге азамат оларға араша түсіп, тоқтатпақ болған. Нәтижесінде бірнеше рет пышақ жарақатын алған ол қаза тапты", - дейді оқиға куәгері.

Белгілі болғандай, қаза болған азамат Омбыда білім алып жүрген. Ол жақында Павлодарға туыстарына қонаққа келген екен.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің бірнеше облысында жел күшейіп, көктайғақ болады

АҚШ шіркеулерінің бірінде 20 жастағы жігіт отызға жуық адамды қырып салды

Бабанов: Мені саяси алаңнан алып тастағанмен, елдің жағдайы жақсарып кетпейді

Атырауда түн ішінде аң аулауға шыққан шопанды 14 жастағы жеткіншек өлтіріп алды

300 жаңғақты бір минутта жұдырығымен шаққан ер адам жұртты таңғалдырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1667986-pavlodarda-boyzhetkenge-talasqan-zhig.html