RU

Жартылай жалаңаш суретімен танылған қазақ моделі италиялық жігітпен тұрмыс құрмақ

Елімізде ғана емес, шетелде де танымалдылыққа ие болған модель Қорлан Мәди ҚазАқпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында моделдік бизнес саласындағы құпияларымен бөлісті. Жартылай жалаңаш суретімен танылған модель сүйіктісінің итальяндық екенін айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматылық Қорлан Мәди елімізде жоғары оқу орнын бітірген соң, итальялық Luiss Guido Carli университетінің «Сән саласындағы халықаралық бизнес және Luxury» мамандығы бойынша магистратураға түскен.

Магистратурасын аяқтаған соң Италияда қалып, модель ретінде мансабын жалғастырады.

«Басынан–ақ мен модель боламын деген мақсат қоймағанмын. Бірақ уақыт өте келе мақсатым өзгеріп, осыған келдім» , - дейді Қорлан Мәди.

Қорланды қазақстандықтар мексикалық «Maxim» журналына жартылай жалаңаш суреттері шыққаннан бері таниды.

Еуропада тұратын алматылық қыздың болашақ жары - итальяндық жігіт. Қорлан отандық сән саласын еуропалықтармен салыстыруға әлі ерте екенін айтады.

«Бізді сән әлемінде өзіндік бай дәстүрі бар еуропалық елдермен салыстыруға әлі ерте, бірақ қазақстандық фэшн-индустрия дұрыс бағытта дамып келеді. Оның болашағы зор», - деді Қорлан Мәди.

Еске салсақ, Корлан Fendi, Bulgari, Grimaldi , Fiorucci сынды танымал журналдарда фотосессиялар өткізген.

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев: Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам пікіріне құлақ асу керек

АҚШ шіркеулерінің бірінде 20 жастағы жігіт отызға жуық адамды қырып салды

Жұлдызды отбасыға келін боп түскен бойжеткен ерекше даусымен елді тәнті етті

300 жаңғақты бір минутта жұдырығымен шаққан ер адам жұртты таңғалдырды (видео)

Қатерлі ісікке шалдыққан соң күйеуі тастап кеткен қазақ қызы бақытқа қалай қол жеткізді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1668009-zhartylay-zhalanhash-suretimen-tanylghan.html