RU
Қаржы министрі елдің миллиондарын бермей жүрген отандық банкке қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Финансы

Қаржы министрі елдің миллиондарын бермей жүрген отандық банкке қатысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

РБК банкінің мәселесін Үкімет Ұлттық банкпен бірге қарап жатыр. Қаржы ұйымының ішкі қиындықтарын шешуге, тіпті, ұлттық компаниялар да араласып жатыр екен. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаржы министрі елдің миллиондарын бермей жүрген отандық банкке қатысты мәлімдеме жасады

Кадр КТК арнасы

Әзірге нақты нәтиже жоқ деді Бақыт Сұлтанов. Ал РБК банкінің клиенттері болса, бірнеше айдан бері депозитке салған қаржыларын ала алмай жүр. РБК-да кәсіпкерлер, тұрғындардың да жылдап жиған миллиондары бар.

Бәрінен бұрын осы банктен шот ашқан шетелдерде оқып жүрген студенттер мен өзге елде ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қиын. Жеке салымшылармен қоса мемлекеттік мекемелер де РБК-ны сотқа беріпті.

Бірақ бұдан жағдай өзгермеді. Жұртты шулатып қойған банктің акционерлеріне президент те ескерту жасап, қалайда банкті банкротқа ұшыратпауға тапсырма берген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Дін қызметкерлері шымкенттік көп балалы аналарға үй салып берді (фото)

Еңбекке ерте араласпаған жастар төменгі зейнетақыны қанағат ететін болады

Алматыда кондуктор асаба жолаушыларды күлкіге қарық қылды

Әлемдегі ең тартымды ару туралы не білеміз? (видео)

Ғалымдар қайтыс болған адамның не сезетінін анықтады

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
3
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel