RU

Зейнетақы жүйесінде елеулі өзгерістер: Елімізде зейнетақы қалай есептелмек?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлердің еңбек өтілі үшін қосымша төлемдерді есептеуге кірісті. Бұл 1998 жылға дейін жұмыс істеген азаматтарға қатысты деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір елімізде үш деңгейлі зейнетақы тағайындау жүйесі бар. Базалық, жинақтаушы және ынтымақты. Енді 98-ші жылдың 1-ші қаңтарына дейін 10 жыл немесе одан кем еңбек өтілі бар зейнеткерлерге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 45 пайызы қосылады. Бұл шамамен қосымша 15 мың теңге.

Бұған дейін олар тек базалық зейнетақы мен өздері жинаған ақшадан есептелген, төмен төлем алып келді. Еңбек жылдары он жылдан асса әр жылға екі пайыздан қосылады. 35 жылдан асса күнкөріс дейгейінің 100 пайызын алады. Бұл зейнетақыға қосымша 28. 284 теңге.

"Кімдердің зейнетақысы өсетініне тоқталса, бұл өзгеріс 40 жылдан астам жұмыс істеген, 45-ші, 48-ші жылы туған азаматтарға қатысты. Олар бүгінге дейін орташа зейнетақы алып келді. Базалық төлем елу пайызға өседі. Нақты ақшамен айтатын болсақ, кем дегенде 14 мың теңгеге көтеріледі", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Тағы оқыңыздар:

Түркияда көлік қағып, хал үстінде жатқан қазақ қызының еміне миллиондаған қаражат қажет

Қаржы министрі елдің миллиондарын бермей жүрген отандық банкке қатысты мәлімдеме жасады

Танымал журнал көркінен көз сүрінетін әлемдегі ең тартымды аруды атады

Жаңа туған сәбиіне Бәйдiбэкспо деп ат қойған ата-ана елді таңырқатты

Еңбекке ерте араласпаған жастар төменгі зейнетақыны қанағат ететін болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1668942-elimizde-zeynetaqy-qalay-eseptelmek.html