RU

"Жұмақ құжаттары": Байлардың тыққан байлығы әшкереленді

Елизавета патшайымының да офшорда ақшасы бар екен. Ақсүйектер отбасының талай жылдардан бері салықтан жалтарып келгені жайлы мәліметтерді атышулы "Журналистердің халықаралық консорциумы" жариялады деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұған дейін «Панама құжаттары» арқылы талай қалталыны жылатқан тілшілер енді «Жұмақ құжаттары» деген атпен мемлекет басшыларын әшкерелеуді бастапты.

Жұрттан жасырғаны көп белгілі тұлғалардың ішінде - Ұлыбритания патшайымы көш бастап тұр. Екінші Елизавета ақшасын Бермуд аралдарында тығып ұстап отыр депті құжаттарда.

Трамптың командасы да қыруар қаржысын осындағы есеп-шотқа салған көрінеді. Алайда АҚШ президентінің коммерциялық хатшысы, әрі атақты «Новигатор» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Рос Уилбор мұның бірін де мойындағысы жоқ.

Тапқанын жасырғандардың ішінде әйгілі әншілер Мадонна мен Боно да жүр. Бас-аяғы 120 белгілі саясаткер мен мемлекет басшыларының аты-жөні жазылған тізім 13 миллион құжаттан тұрады екен.

Десе де, ақсүйектер одан ат-тонын ала қашып отыр. Мәселен осы тізімдегі ең байлардың бірі Ұлыбритания лорды Майкл Экшкрофт журналистерді мүлде жанына жолатар емес.

Тағы оқыңыздар:

Түркияда көлік қағып, хал үстінде жатқан қазақ қызының еміне миллиондаған қаражат қажет

Қаржы министрі елдің миллиондарын бермей жүрген отандық банкке қатысты мәлімдеме жасады

Танымал журнал көркінен көз сүрінетін әлемдегі ең тартымды аруды атады

Жаңа туған сәбиіне Бәйдiбэкспо деп ат қойған ата-ана елді таңырқатты

Еңбекке ерте араласпаған жастар төменгі зейнетақыны қанағат ететін болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1668968-zhumaq-quzhattary-baylardynh-tyqqan-bay.html