RU

Қазақстандық танымал футболшы әйелінің көзіне шөп салғанын мойындады

Қазақстандық "Қайрат" футбол клубының футболшысы Андрей Аршавин әйелі Алиса Казьминаның көзіне шөп салғанын мойындады деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Біздің айырылысып кетуімізге, менің Алисаның көңілін түсіретін қадамдарым себеп болды. Тіпті шектен шығып кеттім. Иә, жүріс жасадым және осы әрекетім үшін қатты өкінемін. Өкінішке қарай уақытты кері қайтара алмайсың, ештеңені де түзей алмайсың", - дейді футболшы StarHit басылымына берген сұқбатында.

Сондай-ақ, Андрей ақпан айында дүниеге келген қызын қатты сағынып жүргенін айтады.

Аршавиннің сөзінше, әйелі өзінен кетіп қана қоймай, ажырасуға арыз берген. Алайда футболшы жұбайымен қайта табысуға үміттеніп отыр.

"Қайраттың" мүшесі әйелі тастап кеткелі бері онымен бірде-бір рет тілдеспегенін, дегенмен оларға қазір кездесіп, болашағын талқылау қажет екенін де айтып қалды.

Еске сала кетейік, қазан айының басында Андрей Аршавиннен әйелі Алиса Казьминаның кетіп қалғаны белгілі болды. Алисаның айтуынша, ол күйеуінің көзіне шөп салғанын кешіре алмаған.

Айта кетейік, футболшының азаматтық некеде болған бірінші әйелі Юлия Барановадан үш баласы бар.

Тағы оқыңыздар:

Түркияда көлік қағып, хал үстінде жатқан қазақ қызының еміне миллиондаған қаражат қажет

Қаржы министрі елдің миллиондарын бермей жүрген отандық банкке қатысты мәлімдеме жасады

Танымал журнал көркінен көз сүрінетін әлемдегі ең тартымды аруды атады

Жаңа туған сәбиіне Бәйдiбэкспо деп ат қойған ата-ана елді таңырқатты

Еңбекке ерте араласпаған жастар төменгі зейнетақыны қанағат ететін болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1668978-qazaqstandyq-tanymal-futbolshy-ayeli.html